Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Нұр-Сұлтанда «Жанұя» орталығы ашылады

476
Казинформ

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Отбасылар форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отбасы дегенде ойымызға ана түседі. Өйткені ол – ошақтың ұйытқысы. Анаға қолдау көрсетпей, отбасын қолдау мүмкін емес. Елордада тіркелген 96 мың жеке кәсіпкердің 50 мыңы әйелдер. Соңғы 4 жылда әйелдер ұсынған 182 стартап жоба әкімдік тарапынан қолдау тапты», – деген әкімдік өкілі биыл күзде отбасын қолдау үшін құрылатын «Жанұя» орталығының қызметіне тоқталды.

«Қыркүйек айында отбасыларды қолдауға арналған «Жанұя» атты орталық ашылады. Қазір онда жөндеу жүріп жатыр. Бұл орталық әсіресе қиындыққа тап болған жанұяларға көмек көрсететін болады. Басына ауыртпалық түскен аналарға оңтайлы болуы үшін көрсетілетін қызметтің бәрі «бір терезе» принципімен жұмыс істейтін болады. Орталықта балалардың ойын алаңы да қарастырылады. Ал аналарға құқықтық, психологиялық, медициналық тұрғыда көмек көрсетіледі. Кәсіп ашу, жұмыс табу, баспана алу бойынша да нақты кеңестер беріліп, құжат рәсімдеу бойынша көмектер көрсетіледі», – деді Бақтияр Мәкен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз