Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Нұр-Сұлтанда кинотеатрларды ашуға қойылатын талаптар белгілі болды

133
Ашық көздерден алынған сурет

Бұл туралы елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева айтты.

— Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат бермек. Олар залды тек 30%-ға толтырып, әлеуметтік қашықтық және маска режімінің сақталуын қатаң қадағалауы керек. Бұл тек аурудың таралу деңгейі бойынша «жасыл аймақта» тұрған өңірлерге қатысты.

Нұр-Сұлтан тек соңғы төрт күнде ғана «жасыл аймақта» тұр, сондықтан 10-12 күннің ішінде жағдайды қадағалайтын боламыз. Егер мұндай көрініс тұрақты сақталатын болса, онда біз қаладағы кинотеатрлардың жұмысына рұқсат береміз. Осы уақытқа дейін дайындық жұмыстары жүргізілетін болады, – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, елордалық кинотеатрлар пандемия жағдайында жұмыс істеуге дайын болу актісін ұсынуы керек. Кинозалдарда шектегіштер, белгілер, санитайзерлер орнатылуы тиіс. Персонал жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс. Кинозалдарға кірген кезде келушілер мен қызметкерлер термометриядан өтуі керек, сонымен қатар көрермендер бетперде киюі керек. Арақашықтықты сақтап отырғызу керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз