Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Нұр Отан” өкілдері Алатау ауданы халқымен кездесіп, Елбасы тапсырмасын түсіндірді

277

Тұрғындарың басым бөлігі еліміздің басқа өңірлерінен келген қазақ тілді азаматтар болуына орай, латын қарпіне көшу тақырыбы олардың қызығушылығын оятты.

– Латын әліпбиіне көшу – ұлт үшін қажетті мәселелердің бірі. Партиялықтар ұйымдастырып жүрген іс-шаралардың басты мақсаты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғындар арасында латын қарпіне көшу қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Жалпы жұртшылық Елбасымыздың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық – тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Латын қарпіне көшсек бізді бүкіл әлем оқитын болады, – деді «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұқанғали Алмасаев.

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Өйткені, барлық техника құралдары мен ғылыми әдебиеттер, сондай-ақ математика, физика, химия салаларын қоса алғанда барлық заманауи бағдарламалар, технология, ұялы байланыс құралдары түгел дерлік латын тілінде.

– Жүзден аса өркениетті елдердің барлығы латын әліпбиін қолданып келеді және жаңа латын графикасына бейімделу процессі әсіресе, жас ұрпаққа өте жеңіл өтетіндігін ескерген жөн, – деді өз сөзінде аудан тұрғыны Серік Қармысбаев.

Кездесуге қатысушылар латын қарпіне көшу туралы өздерінің пікірлерін ортаға салды. Олардың тарапынан қазақ әліпбиін біртіндеп латынға өтуіндегі өзекті мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға ақпараттық – насихаттық топ мүшелері нақты жауаптар қайтарды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бақылауында құрылып, қарқынды дамып келе жатқан Алатау ауданының ашылғанына келесі жылы 10 жыл толады. Алматы қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының қайнар бұлағына айналған Алатау ауданы құрылған кезде тұрғындар саны 169 мың адам болса, бүгінде ауданда 220 мың тұрғыны бар 23 шағынаудан бой көтерген.

Осы жылдар ішінде Алатау ауданында 74 бастауыш партия ұйымы қалыптасып, партия мүшелерінің саны 7500-ге жетіп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз