Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Нығматулин: Негізгі қаржы құжаты – үш жылдық бюджетті мақұлдадық

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент пен Үкіметтің өкілеттігі күшейтілген конституциялық реформа талаптарын негізге ала отырып әзірленген заң жобасы қызу талқыға түсті. Депутаттар әсіресе, межелі мақсаттардың соңғы нәтижесіне айрықша назар аударды. Өйткені, тиісті бағдарламалар мен жобаларға жеткілікті қаржы бөлінгенмен, оның тиісті деңгейде жүзеге асырылуы көптеген сұрақтың тууына себеп болады. Халық қалаулылары осы бағытта бірқатар мәселені алға тартып, нақты ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді. Оның барлығы үш жылдық бюджетті мақұлдау барысында есепке алынды.

«Сонымен біз, еліміздің негізгі қаржы құжаты – үш жылдық бюджетті мақұлдадық. Бұл – еліміздің тұрақты дамуы жолында Парламенттің де, Үкіметтің де атқарып келе жатқан ең жауапты, ең маңызды міндеттерінің бірі. Сондықтан, біз бірлесіп, Елбасымыздың тапсырмаларын басшылыққа алып, мемлекет қаржысын тиімді пайдалануымыз керек»,-деді Нығматулин.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бюджет жобасының мақұлдануына қатысты өз пікірін білдірді.

«2018-2020 жылдарға арналған 3 жылдық бюджет жобасын қабылдап, Үкіметке қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын. Бүгін мақұлданған бюджет жобасы экономиканың өсімін қамтамасыз етуге, әлеуметтік міндеттерді толығымен орындауға, негізгі бағдарламалық құжаттарды іске асыруға, яғни, Елбасының барлық тапсырмасын орындауға қажетті іс-шараларды қабылдауға мүмкіндік береді», – деді премьер-министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз