Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-9
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Нығматулин Астана әуежайына Елбасы есімінің берілуімен қазақстандықтарды құттықтады

Мәжіліс төрағасының айтуынша, бұл бастама қазақстандықтар тарапынан зор қолдауға ие болды.
“Ұлт көшбасшысының ерен еңбегін бекіту Парламент тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай тарихи декларация қабылданғаннан кейін қоғамда белсенді талқыланды. Бұл бастамаға азаматтар жаппай қолдау білдірді. Бұған біз өңірлерге сапармен барғанда, халықпен кездесу барысында көз жеткіздік”, — деді Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.
Мәжіліс спикері Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді өркендеткен стратегиялық реформалардың бастамашысы, қазақстандық мемлекеттілік үлгісінің сәулетшісі екенін атап өтті.
“Бүгінде Тәуелсіз Қазақтан, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев деген ұғымдар әлемде біртұтас болып кетті. Астана халықаралық әуежайының атауын өзгерту туралы шешім осының тағы бір жарқын дәлелі”, — деп түйді сөзін Нығматулин
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз