Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Нығматулин әлемдік қауымдастықты Назарбаевтың бастамаларын қолдауға шақырды

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында Біріккен Ұлттар Ұйымы ұранымен терроризмге қарсы ғаламдық коалицияны құруға бағытталған халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірқатар бастамалар ұсынды.

Біз Парламентаралық одаққа мүше-мемлекеттер парламентіндегі әріптестерімізді Қазақтан Президентінің Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі мінез-құлық Кодескін» әзірлеу және қабылдау туралы бастамасын қолдауға шақырамыз. Бұл ХХІ ғасырдың ең қауіпті қатерлерінің бірі терроризмге қарсы күресте әлемдік парламентаралық қауымдастықтың салмақты үлесі болады деп сенемін», – деді Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы Қазақстанда қалыптасқан және табысты дамып келе жатқан конфессияаралық және этникааралық үнқатысудың бірегей моделі туралы әңгімеледі. Елімізегі этносаралық қатынастарды үйлестірудің бірегей институтына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы айта келе ол Ассамблеяның БҰҰ, ЮНЕСКО және ЕҚЫҰ-да алған жоғары бағасын атап өтті.

Мәжіліс Төрағасы жаһандану жағдайында және мәдениетаралық қарым-қатынастарда ұлттық мәдениеттерді сақтау саласындағы еліміздің жетістіктері туралы, сондай-ақ Парламентаралық Одақтың басқа да мүше мемлекеттерінің осы саладағы оң тәжірибесін атап өтті.

Айта кетелік, Парламентаралық одақ – 1889 жылы құрылған ең көне халықаралық парламенттік ұйым болып табылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз