Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-14
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

Ноу-хау: екі күннің ішінде қалай 3,5 миллион адамды ковидке тексеруге болады?

122

 

Әлемдегі елдер коронавирусты тестілеуді кеңейту үшін күресіп жатқан кезде, Словакия екі күннің ішінде  3,6 миллионнан астам адамды сынақтан өткізе алды, бұл ел халқының үштен екісі. Аптаның соңына дейін Словакия азаматтарының кемінде 90%-ын сынақтан өткізу жоспарлауда.

«Бірлескен жауапкершілік» бағдарламасын ел Үкіметі Covid-19 жұқтырғандар санының күрт өсуінен кейін бастады. Олар бірнеше минут ішінде нәтиже беретін антигендерді анықтайтын экспресс-тесттерді қолданады.

Неліктен жиі рақымшылық жасауға болмайды? — сарапшы пікірі

10 жастан асқан адамдардың бәріне тестілеуден өту ұсынылды. Иммунитеті төмен, 65 жастан асқан, көп уақытын үйде өткізетін адамдар, сондай-ақ мүгедектер, онкологиялық науқастар және басқа да осал топтардың өкілдері ерікті түрде тапсырады.

Бүкіл ел бойынша 5 мыңға жуық тестілеу пункттері ашылды. Оларға қызмет көрсету үшін 40-тан астам қызметкер, оның ішінде 14 500 медицина қызметкері және 6 319 сарбаз жұмылдырылды.

Ерікті түрде, бірақ елеусіз қалдыру мүмкін емес

Тестілеу ерікті болды, бірақ оны тапсырмаймын деп шешкендердің құқықтары шектеледі. Яғни, олар елде енгізілген қатаң пандемия шектеулерін қатаң сақтайды, тіпті үйлерінен кетуге тыйым саынады.

Ағзасында коронавирус анықталмағанын растайтын арнайы сертификаты бар  азаматтарға карантиндік шаралар қолданылмайды. Олар тек маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, еркін қозғала алады.

Бір жылдың ішінде доллардың бағамы 500 теңгеге дейін көтеріледі — сарапшы

Вирус анықталған адамдар үйде немесе бүкіл елдегі ондаған нақты қонақ үйлердің бірінде оқшаулануға міндетті. Олар ПТР тест тапсыруға міндеттеледі.

Молекулалық диагностика (ПТР) сынақтарынан антигендерді анықтайтын тестілердің айырмашылығы зертханалық емдеу қажет емес, сондықтан олар тезірек және арзан. Бірақ жалған нәтижелердің пайызы өте жоғары. ПТР сынақтары вирустың генетикалық материалын іздесе, антиген сынағы вирус ақуызының бөліктерін іздейді.

Бағдарламаның ресми сайтының хабарлауынша, қатысушылардың 1%-дан астамында індет анықталды, барлығы 38 359 адам.

Панацея емес, бірақ алдын алу құралы

Уорвик университетінің жұқпалы ауруларды модельдеу жөніндегі маманы Майк Тилдесли жаппай тестілеудің бұл түрін аурудың таралуын бақылау үшін оқшаулауға балама ретінде қолдануға болатынын айтты. Антигенді тестілеуде қате нәтижелер  деңгейінің  жоғары екенін ескергеннің өзінде, мұндай тестілеу шарасы ел экономикасына пандемияның әсерін едәуір төмендетеді.

«Алайда, егер біреудің тесті теріс нәтиже берсе, бұл бірнеше күннен кейін ауырмайды дегенді білдірмейді. Сондықтан кез келген жаппай тестілеу стратегиясы тиімді болу үшін және оқшаулаудың кейбір шараларын жеңілдету үшін жүйелі түрде (бірнеше күн сайын) жүргізілуі керек».

Словакия үкіметі жаппай тестілеудің екінші раундын өткізуді қарастырып жатқанын айтты. Бірақ нақты күні әлі белгісіз. Елде 1 қазаннан бері  төтенше жағдай режимі енгізілген. Қазіргі уақытта Словакияда 61 829 жағдай  тіркеліп, 219 адам қайтыс болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз