Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Нострадамус. 2018”. Ақырзаман биыл келеді екен…

345

адамзат ақырзаман есігін 2018 жылы ашпақ. Яғни биыл. Ал 2036 жылы Жер Апофис деген астероидпен соқтығысып, күл-паршасы шығады екен. Қорқынышты.

«Ақырзаман әне болады, міне болады» деген әңгіме көп. Түрлі болжамдарла жетерлік. Енді соған тоқтала кетелік.

Бірінші болжам

Барлық діни кітаптар түбі бір ақырзаман болатынын айтады. Бірақ қашан, ол жөнінде нақты дерек келтірмейді. Дегенмен сол қасиетті кітаптардың барлығы, белгісіз бір эпидемияның кесірінен, адамзаттың көп бөлігі сондай-ақ жан-жануар қырылып, табиғаттың өзі соның зардабын тартады дегенді келтіреді. Алайда түптің түбінде тіршілік қайта гүлдеп, өркениет жаңадан пайда болатынын меңзейді.
https://kaz.365info.kz/nasa-eskertu-zhasady-zhakhyn-arada-zherge-galamdykhtar-keledi-260025

Екінші болжам

Адамдардың басым бөлігі бөтен планета иелерімен кездесу ешқандай жасылық әкелмейді деп санайды. Жатжұрттықтар адамзаттың түбіне жетеді деген сенім қалыптасқан. Оған, бәлкім адамардың психологиясына ақпарат беттеріндегі «Белгісіз ұшатын табақшалар адамдарға шабуыл жасайды» деген хабарлардың шамадан тыс көптігі әсер етуі де мүмкін. Сондай-ақ осы тақырыпқа арналған фильмдердің де ықпалы бар. Дегенмен, ес білмес ескі заманнан қалған жазбаларда да «көктен жат жұрттықтар түседі. Олар – біздің құдайларымыз. Біз – солардың құлдарымыз. Егер біз ұнамасақ, олар бізді аяусыз жазалайды, қырып салады» деген жолдарды да оқуға болады.

Үшінші болжам

Шындыққа ең бір жақын болжам, ол – жер бетіндегі табиғи апаттар. Расында, соңғы жылдары ірі жер сілкіністері, құрғақшылық, алапат құйындар, цунами, аптап ыстық, қардың аса көп түсуі белең алуда. Мұның өзі адамзаттың өміріне ірі өзгеріс алып келуі мүмкін. Егер де вулкандардан бөлінген күл күннің көзін жауып тастайтын болса, жердің беті қызбағандықтан қатты суық, мұз дәуірі басталуы да мүмкін. Сондай-ақ, мұхиттардағы жылы ағыс – Гольфстрим тоқтайтын болса, Еуропа қазіргі Антарктидаға айналуы қиын емес.

Ғалымдардың есептеуінше, осыдан 13 мың жыл бұрын Гольфстрим тоқтап, Солтүстік жарты шар мұз басқан өлкеге айналған көрінеді. Ал ол мұз дәуірі 1300 жылға созылған. Әрине, мұның да беті аулақ.

Төртінші болжам

Әлемдік апаттың болуына тағы бір себепкер болатын жәндік – ара көрінеді. Кезінде атақты ғалым Эйнштейн «егер жер бетіндегі аралар қырылып қалатын болса, төрт жылдан кейін адамдар да солардың кебін киеді» деп айтқан. Неге? Адамға қажетті минерал, дәрумен, калория беретін өсімдіктердің басым көпшілігін аралар өз тозаңдарымен түрлі улардан тазартып отырады екен.

Бесінші болжам

Ол – төбеден құлайтын аспан денелеріне байланысты. Ғалымдар мұны жоққа шығармайды. Мәселен, 1908 жылы құлаған Тунгус, 1947 жылғы Сихоте-Алинск, 1976 жылы жерге ағып түскен Гирина метеориттері. Әрине, олардың қуаты аз болды. Жұмыр жер де, адамзат та аман қалды. Есеп бойынша, 2029 жылы Жерден 37 мың шақырым болатын тұстан Апофис астероид өтеді екен. Егер ол кенеттен өз жолын өзгертетін болса, жерге құлап түсуі 100 пайыз көрінеді. Онда жер шарының саудасы бітті дей беріңіз. Жерге соқтығысқандағы жарылыстың күші 500 мегатонна болмақ. Ал ең қорқынышты деген Тунгус метеоритінің қуаты 10 мегатонна ғана болған. Есептей беріңіз, Жерден не қалатынын…

Алтыншы болжам

Адамзат үшін ең қауіпті тағы бір нәрсе – адамдардың қолымен жасалған ядролық қаруы. Осының өзі адамзаттың түбіне жетуі мүмкін. Бұл жөнінде тек ғалымдар ғана емес, әлемдік деңгейдегі саясаткерлер де тілге тиек етуде. Өйткені атом қаруы басбұзарлардың қолына түсер болса, тіршіліктің соңы дей беруге болады. Атақты Ванганың «Үшінші дүниежүзілік соғыс Индостанда басталады. Сол жерде ядролық қару қолданылады», деп айтқаны бар. Кім білсін?

Дариға Дәурен

Фото: thestar.com
https://kaz.365info.kz/biyl-kyzde-zher-betin-eki-aptalykh-khara-tynek-basady-nasa-268906

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз