Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
14
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Ниццада мерекеге жиналған қауымды жапырған жүк көлігінің жүргізушісі анықталды (видео)

iTele телеарнасы бұл адамның бұрын да құқық қорғау органының назарына ілінгенін хабарлайды. Бірақ ол майда-шүйде қылмыспен ұсталған екен. Оның аты-жөні күдікті лаңкестердің тізімі қатарында жоқ.

РИА Новости агенттігінің дерегіне сүйенсек, кеше Францияның Ницца қаласында Бастилияны басып алу Күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарға қарай жүк көлігі қойып кеткен.

Қайғылы оқиғаның куәгерлері жүк көлігінің от шашуды тамашалап тұрған қауымды боулингтегі кеглдерді жапырған секілді өте шыққанын айтады.

БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша 22.30-да болған. Осыдан кейін жүк көлігіндегілер адамдарға оқ жаудырған. Жергілікті билік Ницца тұрғындарын үйден шықпауды сұрап отыр.

Басында теракт кезінде 10 адам мерт болды десе, бүгін оның саны 80-ге жетіп отыр.

Ниццада терактінің орын алуына байланысты Францияда жарияланған төтенше жағдай үш айға созылды.

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов бұл қайғылы оқиғаға байланысты Франция халқына көңіл айтты.

https://www.youtube.com/watch?v=AWF5U9T_roI

https://www.youtube.com/watch?v=z6F6Ipoj40w

https://www.youtube.com/watch?v=LurZe9HivrI

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз