Бүгінде жеке өнер көрсетіп жүрген Азамат Зенкаев Аман Тасығанға берген сұхбатында бұрынғы сүйіктісі Ерке Есмаханмен таныстығы жайлы айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ ол “Ерке Есмаханға ән арнады” деген ақпаратты жоққа шығарды.
“Көзді ашытады” деген ән менің көңіл күйіме байланысты шыққан. Оның Еркеге қатысы жоқ. Мен біреуге ән арнап көрмеппін. Білмеймін, бәлкім болашақты жазып қалармын”, – дейді A.Z.
Әнші Райымбек Бақтыгереевпен арақатынасы туралы да жасырмай айтты.
“Ол баланы мен “Ninety One-да” жүргеннен танимын, амандасып жүргенбіз. Бірде Айқын бірге ән айтайық деп ұсыныс жасады. Сол кезде Райым екеуінің концерті болып жатыр екен. Сөйтіп тұрғанда Райым шығып келе жатты. Мен онымен амандасып едім, салқын жауап қайтарды да, жанымнан өтіп кетті. Басында түсінбей қалдым, кейін мен де қолымды бір сілтеп, қоя салдым. Сол жерде түсінбей қалдым, десе де біз қатты араласпадық”, – дейді Азамат Зенкаев.