Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
7
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Ninety One тобы енді латын-америкалықтарға еліктеп жүр (фото)

156

«Ол мектеп Қазақстанда жоқ мектеп. Мен кішкентай кезімде армандаған мектеп ол», – дейді «Ninety one» тобы.

Құпия мектептің ішінде өрбіген қым-қауырт оқиғалар жайлы сәл кейінірек білетін боласыздар. Әзірге, екі басты кейіпкермен танысыңыз. Зарина Заман-мемберлер білім алып жатқан мектептің директоры. Бұл  рөл Әсел Сәдуақасоваға бұйырған.

Музыкамен жаны егіз – Асыл Айдар өзін сомдайды десек жаңылмаспыз. Себебі, ол вокал мұғалімі кейпінде көрінеді.

Түсірілім басталмас бұрын біз жігіттерді киім дүкенінде жолықтырған болатынбыз. Қайта оқушы атанғандықтан, сәнді әрі стильді мектеп формасын таңдауға келіпті.

«Angelcher» компаниясы «Найнти уан» тобы үшін ерекше мектеп формасын жасап шығарды. Негізі, жігіттердің талғамы жоғары. Сондықтан олардың әрқайсысының қалауын орындауға тырыстық. Мәселен, Эй– зи шалбарының кең балақты, өзгеше стильде болуын талап етті», – дейді «Angelcher» компаниясының менеджері Азиза Нұрхайдарова.

Ал жігіттердің мектеп формасы 2000 жылдары жастар сүйіп тамашалаған латын-америкалық «Мятежный дух» телехикаясын еске салады.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз