Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Никотинді жеткізудің баламалы әдістерінің зияны сигареттерге қарағанда азырақ

312
health-ua.com

Бұл никотинді жеткізудің баламалы жүйелерін пайдалану кезінде жану процесінің орын алмайтынына байланысты. Мысалы, IQOS табак қыздыру жүйесін пайдаланған кезде табак 350 градусқа дейін қызады және осының арқасында оның аэрозолінде дәстүрлі шылымға қарағанда зиянды заттардың мөлшері орташа есеппен 90-95%-ға аз.

Қоғамдастықтың деректері бойынша, темекі түтінінің құрамында, кемінде 70 канцерогендік химиялық заттар мен әртүрлі қосылыстар бар. Бұл химиялық заттардың ұзақ әсері обырға және басқа да ауыр ауруларға әкелетін жасушалардың мутациясын тудырады деп саналады.

Негізінен канцерогенді заттар жану кезінде бөлінетін шайырлардың құрамында болады. Шайырлар өкпеге түседі, нәтижесінде өкпеге биологиялық және физикалық зиян келтіріледі. Бұл ісікті тудыруы және олардың функционалдығын әлдеқайда қиындатуы мүмкін.

Қарапайым темекі жанған кезде бөлінетін канцерогендік заттардың арасында формальдегид, бензол, азот оксиді және тіпті бензапирен болуы мүмкін.

Сонымен қатар, никотин Medical News Today  жазғандай, канцероген емес және обыр ауруларының дамуына әсер етпейді. Дегенмен, ол қандағы дофаминнің деңгейін арттырып, темекіге тәуелділікті тудырады.

Темекі шегуге балама өнімдерге, мысалы, электронды темекіге және табак қыздыру жүйелеріне қатысты – Обырды зерттеу жөніндегі америкалық қоғамдастық осы өнімдердегі канцерогендік заттардың деңгейі дәстүрлі темекіге қарағанда, төмен екенін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамдастықта қазіргі уақытта электронды темекі мен табак қыздыру жүйелерінің әсері әлі толық зерттелмегенін айтады. Дегенмен қазірдің өзінде, никотинді жеткізудің баламалы жүйелеріне көшу зиянды орташа есеппен 90-95%-ға төмендетеді деп болжауға болады.

Әлемде электронды темекі және табак қыздыру жүйелері бойынша көптеген зерттеулер пайда болуда және никотинді жеткізудің баламалы әдістеріне қатысты өзіміздің, қазақстандық ұстанымымызды жасау кезінде олардың ескерілуі өте маңызды. Атап айтқанда, көптеген еуропалық елдердегі сияқты, тәуекел-бағытталған реттеу мәселелері өте маңызды, өйткені егер біз қазақстандық темекі шегушілердің зияны аз өнімдердің пайдасына темекіден бас тартқанын қаласақ, онда біздің үкімет оларды никотинді жеткізудің баламалы тәсілдерінің артықшылықтары туралы хабардар етуі орынды, сондай-ақ баламалы жүйелерді дәстүрлі темекіге қарағанда, анағұрлым қолжетімді етуі керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз