Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Ниғматулин ҰҚШҰ Парламенті ассамблеясының отырысында сөз сөйледі

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің парламентарилерінің отырысы энергетикалық қауіпсіздік, гуманитарлық көмек, сонымен қатар мемлекеттік құпия туралы заң моделдерін қарастыруға арналды. Оған қоса отырысқа қатысушылар ақпараттық кеңістіктегі заң бұзушылықтармен күрес жөніндегі қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылады.

Кеңінен талқыланған мәселелер ішінде Орталық Азиядағы ынтымақтастық пен өңірлік қауіпсіздікті заңдық тұрғыда қамтамасыз етудегі парламенттердің рөлі, сонымен қатар ҰҚШҰ парламенті ассамблеясы мен ЕҚЫҰ парламенті ассамблеясы арасындағы байланыс жайы да бар.

Лаңкестікпен күрес жайының өзектілігіне баса тоқталған Мәжіліс спикері парламенттік ұйымдардың байланысын одан әрі жандандыра түсу маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар Ниғматулин ҰҚШҰ парламенттері ассамблеясының жұмыс жоспарына келесі жылы осы бағыттағы күрес үшін құқықтық базаны құру тұрғысында тәжірибе алмасу үшін ЕҚЫҰ парламенттері ассамблеясымен бірігіп кеңес өткізу жайын енгізіп қоюды ұсынды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз