Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

NewERA: Алматыда виртуалды шындық технологиясының көрмесі өтті

540

Мәселен, балаларға арналған қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі Zhanuar 4D және Baqsha 4D атты виртуалды карталардың бар екенін біреу білсе, біреу білмейді. Осы презентация мен көрменің бас ұйымдастырушысы «Sana Academy» программалау мектебі бұл жиында өздерінің Zhanuar 4D және Baqsha 4D өнімдерімен таныстырды.

Zhanuar 4D мен Baqsha 4D – балаларға арналған виртуалды 4D технологиясымен орындалған танымдық дүние екен. Телефоныңызға арнайы мобильді қосымшаны жүктеп, телефон камерасын карталарға қаратсаңыз, суреттегі жануарлар мен жеміс-көкөністер шын өмірдегідей «тіріліп» кетеді екен. Оған қоса, сол жануар немесе бақша өнімі туралы үш тілде қызықты ақпарат беріледі. Бақша өнімдері тіпті өздігінен «аршылып-кесіліп», өзінің іш құрылысымен де таныстырады екен. Шыны керек, телефонның құлағында ойнайтын қазіргі балалар үшін таптырмайтын танымдық ойыншық.

«Sana Academy» программалау мектебінің жоба-менеджері Нұрсұлтан Әжімұратовтың айтуынша, «Sana Academy» командасы мұнымен шектелмей, болашақта тағы бірқатар 4D өнімдерін ұсынуды жоспарлап қойған.

Балалар үшін осындай бір жарқын, виртуалды, қызықты да жаңа технологиялық дүние жасағымыз келді. Zhanuar 4D-ны әзірлеуге алты ай уақыт жұмсадық, сол тәжірибемізге сүйеніп, Baqsha 4D карталарын үш айдың ішінде жасап шығардық. Алдағы жоспарымызда ғарыш туралы, қазақ әліппесі мен қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, ғұрыптары туралы танымдық 4D виртуалдық шындық карталарын жасайық деген ниет бар, дейді Нұрсұлтан Әжімұратов.

Айта кетсек, Zhanuar 4D және Baqsha 4D карталары биылдан бастап сатылады бастапты. Бағасы 3 мың теңгеден. Балаларға арналған мұндай виртуалды карталар қазір Ресей мен АҚШ-та кеңінен қолданылады екен. Енді мұндай нәрсенің қазақша нұсқасы Қазақстанда да жасалды.

«Sana Academy» командасының қолға алған тағы бір ірі жобасы – туристер мен ел тұрғындарына арналған қазақтың ұлттық 4D мұражайын жасау. Онда көзілдірік тағып алып, шындай көрінетін керемет виртуалды әлемге тап боласыз: қымыз ішіп, атқа міне аласыз, алтыбақан теуіп, Наурыз мейрамын тойлап отырған халықтың арасына кіріп кетесіз. Немесе виртуалды кеңістікте қазақтың Ұлы даласын шарлап қайтасыз.

Презентация мен көрме барысында «Sana Academy»-ден бөлек, AR/VR саласындағы отандық компаниялар – AVSoft, Thousand IT Group, Singularity Lab, Fade in, Orbi INC өз өнімдерін көрсетіп, көрермендер сұрақтарына жауап берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз