Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Несундар” кінәлі…”. Қорғас сауда орталығының басшысы осылай деп ақталды

Бұрынғы қалыптың быт-шыты шықты. Алыстан келген турисі қайсы, саудагері қайсы, білмейсіз, бәрі араласып кетті.

https://kaz.365info.kz/byjtken-saudasy-khyrysyn-khorgaskha-bargandar-ozderin-khalaj-it-khylatyndaryn-ajtyp-berdi-301334

Негізі, осы маңда тұрып, жұмыс істейдер бар. Оларды біз “несундар” дейміз, яғни біреулердің жүгін көтеріп, бергі жаққа алып шығып береді. Міне, осылар ғой, барлық былықты бастап жіберген.

Қазір жағдай реттелді. Автобусқа отыруда айғай-шу жоқ. Қосымша тағы 10 автобус шығардық. Өткен жолғыға қарағанда адамдар көп, бірақ соған қарамастан бұл арада транспортқа қатысты мәселе жоқ. Орын бәріне жетеді. Қазір бұрынғы алаңқайларына автобустар қайтып барған. Мәселе оңтайлы шешілді”, – дейді басшы.

Сондай-ақ ол жүкті автобуспен алып жүрмейтін жағдайды қарастырып жатқандарын да жеткізді.

“Автоматтандырылған жүйеге көшеміз, адам санын есептеген секілді, әр адамның жүгін де автоматты түрде есептейтін техниканы іске қоспақ ойымыз бар. Сонда жұмысымыз қазіргіден де жеңілдеп, мұнда келушілердің де жағдайы жақсарады. Бірақ бұл жыл соңына қарай болып қалатын нәрсе”, – дейді Қаһарман Жазин.

https://kaz.365info.kz/or-as-shekara-ma-y-haly-araly-yntyma-tasty-ortaly-yny-prezidenti-amau-a-alyndy-224161

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз