Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Несиемді жауып берген жігітпен жатамын…» — қыздар не дей бастады?

256

Мәселен, «үйдегі жарылған жылу трубасын, сынған унитазды ауыстыратын еркек табылса, онымен төсектес боламын», «үйдің пәтерақысын төлеп берген адаммен жыныстық қарым-қатынасқа түсемін», «несиені жабуға көмектесетіндер болса, төленген сомаға сай онымен төсекте кездесемін», «көлігімді сұлу, сымбатты бикешке тегін беремін, бірақ ол қыз менімен бірнеше жыл төсек қарым-қатынасына түсіп тұруы керек», дегендей хабарламалар өріп жүр.
https://kaz.365info.kz/kozime-ottaj-basyldy-ajelim-sajtta-tirkelip-zhezokshe-bolyp-zhyr-eken-273962
Мұндай хабарлама беретіндер — байынан ажырасқандар, күйеуге тимегендер болып келеді екен.

Олар үшін қалтадан ақша шығарғаннан гөрі, біреумен төсекте бір жатып, несиеден не болмаса қарыздан құтыла салу оңай көрінеді.

Тіпті кейбір жас жігіт-балалар: «ана жерім үлкен. Төсекте құмары қанбай жүрген қыз-келіншектер, не болмаса төсекте болуды аңсайтын кемпірлердің айызын қандыруға даярмын. Ақшасы мынадай», деп хабарламалар беретін көрінеді.

«Соңғы бірер жылда мұндай хабарламалардың көптігі сонша, тұтас Ресей секспен айналысып кеткендей. Бұл мұқтаждықтан жасалып жатқан дүние ме, әлде ресейліктер сексуалды төңкерісті бастан өткізіп жатыр ма? Түсінбей қалдық», деп жазады ресейлік бір сайт.

Иә, бұл Ресейдегі жағдай.

Олармен салыстырғанда біздің елде мұндай анайы жарнамалар жоқтың қасы. Рас, кейбір газеттерде. не болмаса кей сайттарда тәнін саудалап жүрген қыздардың хабарламалары жеткілікті. Бірақ « көлігім сынып қалды. Жөндеп берген адамға ана жерімді беремін. Несиемді жауып берген жанға артымды беремін», деген анайы хабарламалар бізде жоқ.

Соған да шүкір.

Алайда,

біз өзі Ресей түшкірсе, жарыса «жәрекемалла» деп шу ете түсетін елміз ғой.

Ертең ол жақтағы әлігідегідей жаман қылықтар бізде қайталанып жатпаса екен, дегенім ғой.

Серік Жанысбай

Мақала ВК-дағы “Атамның басы-ай” тобында талқылануда.

 

https://kaz.365info.kz/kynahar-perishte-student-zhezokshemen-bolgan-ashykh-angime-279773

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз