Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Несиелер 1 қаңтардан бастап қымбаттайды

321
SSUCv3H4sIAAAAAAACA02RTU/DMAyG/4rlc8VA3HpEGkhIiAm4TRzc1HTW0njKR8c09b/j7APtFDu2X795csSOkjhsjyjel5QjZdGA7UOD3EvWKOSxvZ8bTJlySZys1zJHmQernvKryPpY77HFp5IkcEqLZwkUHKONl84K57xqzs21+YvdJqjX4fDf9ibJsfcUWEvC+btBGji4Q91tyyN7ppOVtZW2+8xxvPiapGc9h1R6qSFO6shb/bH6tjfqWG+HSLuNuCgTx5r3nJwF+B68eQfPoZcwgCQdOUdx4HTcaZLKB84yHGEveQOjduIZep7E2VFiHRw453p6pQA20vnC0JHbDlFL6GFiZ3jhFvsdLI05daa1XH0CWdeH2bA1EuB19QI/Gkdj1mD+reSwuSA8a6WFU4O9y4X8It9S1a396DzPf5XxZvLvAQAA

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда микроқаржы қызметін лицензиялауды іске қосу жоспарланып отыр.

Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры Дмитрий Казанцев 365info-ға биліктің неге мұндай қадамға барғанын және оның салдары қандай болатынын айтты.

Бақылаусыз несиелер

— Билік МҚҰ лицензиялау туралы шешім қабылдады. Бұл адамдарды мынадай ойға жетелеуі мүмкін: пандемия – салықтың жетіспеушілігі — бюджет проблемалары — қазынаны толықтырудың тағы бір көзі. Солай деп ойлайсыз ба?

Мұндай тізбектің болуын толығымен жоққа шығаруға болмайды. Екінші жағынан, мен билікті осынша арсыз деп айыптағым келмейді. Сірә, бұл шешім МҚҰ нарығының ашық еместігінен және

халық арам кәсіпкерлердің арбауына жаппай түсіп жатқандығынан қабылданып отыр

Нарықтың осы сегментіндегі несиелер бақылаусыз беріле ме? Және адамдар бұдан зардап шегуде. Олар өз несиелерін төлей алмай қалып жатыр.

Осыған ұқсас жағдай билікті Лицензиялау туралы түпкілікті шешім қабылдауға итермеледі.

Несие ала алмағандар қайда барады?

— Осылайша адамдар микроқаржы ұйымдарына баруға мәжбүр… 

— Сол ғой. Және мұнда ішкі көзқарас маңызды. Шын мәнінде қалай іске асатынын қараңыз.

МҚҰ-на көбіне банктен несие ала алмағандар барады

Ал мұнда пайыздық мөлшерлеме банктерге қарағанда жоғары.

Бұл жерде мына сұрақты елемеуге болмайды: банк неге несие беруден бас тартты? Заңнамаға сәйкес, қаржы институтында қарыз алушыға белгілі бір талаптар бар. Егер ол оларға сәйкес келсе, банк несие бере алады. Егер сәйкес келмесе, бермейді. Барлығы қарапайым және түсінікті. Бас тарту жағдайын одан да оңай түсіндіруге болады — адам несиесін төлеуге қабілетсіз.

— Банктен айырмашылығы МҚҰ қарыз алушыға қатаң талаптар қоймайды?

— Әрине.

Адам кез-келген жолмен қазіргі қаржылық проблемаларынан арылғысы келеді. Оған алты айдан, бір жылдан немесе бес жылдан кейін не болатыны маңызды емес.

Ал МҚҰ адамға жоғары пайызбен ақша беру маңызды. Бұл ұйымға да қарыз алушы несиесін бүгін, ертең немесе ертеңнің арғы күні қалай жабатыны маңызды емес.

Дәл осы жерде олардың мүдделері сәйкес келді. Нәтижесінде адам одан да үлкен қаржылық құлдыққа түседі. Егер банк көп жағдайда заңды жолмен әрекет етсе, онда МҚҰ көбінесе заңсыз әрекететеді. Қарыз алушының жағдайы қиындай береді.

Көлеңкелі нарық гүлдене түспек

— Жақсы, бірақ лицензиялау нарыққа қалай әсер етеді, ол нені өзгертеді?

— Бірден айта кетейін, нарық біртекті емес. Микроқаржы қызметін көрсететін көптеген ірі холдингтер де бар. Бұларға және басқа да ірі ойыншыларға лицензиялау мәселе тудырмайды. Қағазды алады да жаңа белестерді бағындыруға көшеді.

Бірақ нарықтың көп бөлігі жартылай микроқаржы ұйымдарынан тұрады. Мен “жартылай” дегенге не кіретінін нақтылайын. Бұл кішігірім ұжымы және шамалы жарғылық капиталы бар шағын, ашық емес компаниялар.

Оларға лицензия алу өте қиын, өйткені заң бойынша талаптар өте қатаң.

Сондықтан олар көлеңкелі бизнес жасауға мәжбүр болады

Бұған жол бермеу мүмкін емес. Көлеңкелі нарық гүлдене бастайды.

Ал мұнымен не істеу керек?

— Шынымды айтсам, білмеймін. Қазіргі уақытта 2021 жылдан бастап күшіне енетін лицензиялау туралы заңда да, басқа жерде де бұл туралы ештеңе жазылмаған.

Ақша құны өседі

— Сонымен, “жартылай жеке” компаниялар көлеңкелі болады. Бірақ нарықтан мүлдем кететіндер де болатын шығар?

— Күмәнді. Сұраныс бар кезде ешкім ешқайда кетпейді.

Кейбір компаниялар лицензия алып, жұмысын құқықтық салада жалғастырады, ал басқалары көлеңкелі нарықты толықтырады.

Лицензиялаудың өзі ақша құнын өсіреді. Яғни, МҚҰ қолданатын пайыздық мөлшерлеме өседі. Мұның бәрі лицензия алу шығындарына байланысты. Нақты өсімінің параметрлерін болжай алмаймын, бірақ нақты білетінім, елеулі өседі.

— Ал бұған кім төлейді, қалай ойлайсыз?

— Тұтынушы төлейді. Қарапайым сөзбен айтқанда, несие алатындар.

Елде ломбардтар мен МҚҰ көбейген сайын…

— Дмитрий Александрович, қоғамның саулығын бір маңызды тренд бойынша анықтауға болады деген пікір бар. Елде банктердің филиалдары неғұрлым көп болса, азаматтар өздерін жақсы сезінеді. Елде ломбардтар мен МҚҰ неғұрлым көп болса, соғұрлым олар өздерін нашар сезінеді.

— Полностью согласен с таким утверждением. Если заметили, после того, как летом 2019 года власти провели кредитную амнистию, спрос на услуги МФО заметно вырос. Просто так ничего не делается. Подпавшие под амнистию люди резко ухудшили свою кредитную историю, а большая часть вычеркнута из группы потенциальных заемщиков.

— Мен мұндай тұжырыммен толық келісемін. Байқасаңыздар, билік 2019 жылдың жазында несиелік рақымшылық жүргізгеннен кейін МҚҰ қызметтеріне сұраныс айтарлықтай өсті. Ештеңе бекер жасалмайды. Рақымшылық алған адамдар несие тарихын күрт нашарлатты, ал олардың көп бөлігі әлеуетті қарыз алушылар тобынан алынып тасталған еді.

МҚҰ-ға барудан басқа амалдары қалмады

— Демек сұраныс артқандықтан ұсныс та өсті ме?

— Әлбетте. Сұранысты қанағаттандыру үшін МҚҰ саны артуы керек. Солай болды да.

Кесу немесе біраз қинау?

Нарық, бәлкім, ісінген де шығар. Лицензиялауға оралсақ. Талаптарды қатаңдату арқылы түпкі мақсатқа жетуге бола ма?

— Егер түпкі мақсат адамдардың қаржылық қауіпсіздігі болса, заңнаманы қатаңдату өздігінен жұмыс істемейді.

Биліктің осы немесе басқа заңнаманы, біздің жағдайда МҚҰ нарығын қатаңдату ниетін түсінемін. Қағазда бәрі келесідей көрініс табады: нарықтан әлсіз және көлеңкелі ойыншылар кетеді, мықтылар қалады.

Бірақ егер шынайы өмірде бәрі қарапайым болса, ешқандай проблема болмас еді. Шын мәнінде, қатаңдату, мен бұрын атап өткендей, “көлеңкелі нарықтың” өркендеуіне алып келеді.

— Осыдан шығатыны…

— Осыдан бір ғана нәрсе шығады — халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру қажет. Бірақ бұл тез іске аспайды және бірден әсер береді деген кепіл жоқ.

Бір қателікті жасай бермес үшін адамдар ақылды бола түсуі керек

Атап айтқанда, несиемен жұмыс істеуге қалай дайындалу керектігін, қандай нюанстарды ескеру қажет, несиелерді тез және отбасылық бюджетке зиян келтірместей қалай жабуға болатынын үйрену керек.

Ең бастысы, адамдар қолында бар қаражатымен өмір сүруді үйренуі керек және өздерінің қаржылық мүмкіндіктерін асыра бағаламаулары тиіс.

Үш маңызды сұрақ

— “Қолыңда бар қаражатпен өмір сүру” деп кеттіңіз. Алайда айналамызда қаражаты жетпесе де қымбат айфон ұстап, көлік мінгендерді жиі көреміз…

— Адам табиғатынан әлсіз. Және мұны сатуды жақсы меңгергендер пайдаланады.

Қалай жүзеге асады? Жарнама жасайтындар адамдардың жарқын заттар мен айқайлап тұрған атауларға бірден назар аударатынын жақсы біледі. Бірақ осы жерде ойланайықшы…

Жарнамаланатын өнім немесе қызмет сіз үшін қаншалықты өзекті, осыны ойланыңыз. 100 жағдайдың 99-ында сізге бұл өнім мүлдем қажет емес деген қорытындыға келесіз.

— Сіз қаржылық сауаттылықты арттыру қажеттілігі туралы көптеген қызықты нәрселер айттыңыз. Келісемін. Бірақ мұны кім жасау керек?

— Тек мемлекет емес. Мемлекеттік құрылымдар міндеттерді орындай алмаған мысалдар көп.

Сондықтан бұл мәселемен жеке компаниялар айналысуы тиіс. Ұтқырлығы мен құзыреттілігіне байланысты олар мұны жақсы жүзеге асыра алады. Бірақ мұнда үш негізгі сұрақ туындайды. Тендерлер немесе конкурстар қалай өткізіледі? Басымдық кімдерге беріледі? Бюджеттен бөлінген қаражат қалай жұмсалады?

— Сұқбатыңызға рақмет.

— Сізге де рақмет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз