Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Несие тарихы: МҚҰ күн сайын 246 млн теңге табады

2021 жылдың екінші тоқсанында микроқаржы ұйымдары күнделікті 246 миллион мөлшерінде пайда тапты.

Бір жыл ішінде несиелеу бір жарым есе өсті

Рекордтық пайданың түсуіне сұраныстың рекордтық өсуі ықпал етеді. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша берілген микрокредиттердің жалпы көлемі 531,1 млрд теңгені құрады (құнсыздандыруға арналған резервтерді шегергенде).

Тек сәуір-маусым айларында бұл көрсеткіш 67,4 млрд-қа (14,5%) өсті. Жылдық мәнде өсім 176 млрд-ты (49,6%) құрады. Жылдық өсудің қазіргі қарқыны 2018 жылдың басынан бастап ең жоғары деңгейде.

МҚҰ міндеттемелері де өсуде. 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша олар 437,8 млрд теңгені құрады. Тоқсан ішіндегі өсім — 45,8 млрд (11,7%). Соңғы 12 айда міндеттемелер 129,9 млрд-қа (42,2%) өсті. Яғни, микрокредиттік ұйымдардың міндеттемелері несие портфеліне қарағанда баяу, бірақ өте жоғары қарқынмен өсуде.

Активтер бойынша да рекордтық өсім байқалуы таңқаларлық емес: тоқсанына плюс 70,5 млрд теңге — 644,7 млрд. теңгеге дейін. Соңғы 12 айда отандық МҚҰ жиынтық көрсеткіші 203,2 млрд-қа (46%) өсті.

Сонымен қатар, МҚҰ саны да көбейген. Ұлттық Банктің берген есептерінен көретініміздей, 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 218 микрокредиттік ұйым жұмыс істейді – үш ай бұрынғыға қарағанда бесеуге артық. Алайда, жылдың басымен салыстырғанда олардың саны тоғызға азайған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз