Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Нем қалды?..”. Оңтүстік Қазақстанда өз баласына пышақ сұққан кейуана сотта жылап жіберді

Тергеу кезінде марқұм жәбірленуші алкогольді ішімдікке әуес болғаны, сондай-ақ, мас халде туған анасын сабайтыны анықталған. Қанды оқиға күні де қарт анасына қол көтерген. Күйіп кеткен шешесі қапелімде асхана пышағын алып баласына сұғып алған. Оқиғаның ақ-қарасы сотта белгілі болады.

https://kaz.365info.kz/symdykh-khostanajda-tugan-khyzyn-pyshakhtagan-ajel-khamauga-alyndy-297363

Қарт ананың егде жасы ескеріліп, сотқа дейінгі тергеу кезінде үйқамақта болған.

Көршілері өз баласын өлтірген кейуананы жақсы кісі, сыпайы деп сипаттаған. Тіпті көршілер болып кейуананы қорғап, жақтап, петицияға қол қоймақ ниеттері бар екенін білдірген.

Сайрам ауданының Ақсукент ауылында болған бұл жағдай бүкіл елдің зәресін ұшырып, жағасын ұстатқан болатын.

https://kaz.365info.kz/tarazdagy-khandy-khyrgyn-ariptesterin-pyshakhtagan-shendi-politsej-izdestirilude-275766

Ұлын өлтірген соң кейуана полицейлерді өзі шақырып, кінәсін мойындаған. Араққа сылқия тойған ұлы анасын таяққа жыққан, шыдай алмаған әжей тәртіп сақшыларын шақырғанын айтқан.

Полицейлерді шақыртқанына одан бетер ызаланған 55-тегі ұлы анасына қайта қол көтерген. Кейуана қорғанбақ ниетте асхана пышағын пайдаланған.

https://kaz.365info.kz/ajdanaga-nege-khyryndajsyn-khorgasta-pyshakhtaskhan-zhigitterdin-ne-yshin-tobeleskeni-belgili-boldy-video-265446

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз