Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Неліктен қазақтар тіліне ие болуы керек – ұлттық дәстүрлер туралы бар шындық

фото: anatili.kazgazeta.kz

Алдыңғы мақалада бесік туралы айтылды. Оны сыйға беруге болмайды делінді. Тек ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалу керек. Себептерін түсіндірейік.

Бесік – адамның алғашқы үйі. Оны ағаштан жасаған. Қайың немесе қарағайдан. Бұл “иілгіш” табиғи материал. Және экологиялық таза.

Нәрестеге жайлы болу үшін

Ол арнайы жастықшалармен және көрпелермен жабдықталған, баланың жайлы жатуына, асты үнемі құрғақ болуына ыңғайлы. Жамбас аймағында, жоғарыда айтылғандай, бесіктің арнайы ағызатын бөлігі (шүмек) болды, ол арқылы бәрі ыдысқа (түбекке) өтетін. Осының арқасында баланың үсті су болмайтын және оның терісі тітіркенбейтін.

Ежелгі уақытта жастықтың астына асыл жылқының ізі қалған бір уыс топырақ төселген. Оны періштенің ізі деп атаған. Туған жердің топырағы балаға күш беріп, аурулардан сақтауы керек еді.

Бесік жұмсақ белдіктермен – тартпа баумен жабдықталған. Бала ұйыға кеткенде, оны белдіктермен байлады, ол шошып оянып, кездейсоқ қолдың екпінінен қорқып қалмайтын. Жазда бесікті жәндіктерден қорғайтын жұқа материалмен – жабумен жапты. Қыста бала жаурап қалмас үшін үстіне жылы көрпе жапты.

Бесікті тербету оңай, өйткені оның аяқтары дөңгелек пішінді. Сондықтан бала тез ұйықтайды. Оның үстіне ол бесіктен құлап кетпейді. Айтпақшы,

бос бесікті тербетуге болмайды. Баласын жоғалтқан ана ғана осылай жасайды деп саналды. Сондықтан бұл жақсы емес

Бір сөзбен айтқанда, бесік – қай жылы алғашт шыққаны белгісіз, неше ғасырдан бері келе жатқан ұлы өнертабыс. Бесік пирамидалардың құрдасы болуы да ғажап емес. Немесе одан да ерте пайда болған болуы мүмкін. Бұл тақырыпта біздің патриоттарымыздан сұраңыздар. Олар білуі мүмкін.

Зұлым рухтар тиісе алмайды!

Қырық күн бойы бесіктің жанында шырақ (шам) жағылды. Ислам діні келгенге дейін де солай жасаған. Зұлым рухтар от пен жарықтан қорқады деп сенген.

Сонымен қатар, бас жағына тұмар байланған. Ол да зұлым рухтар мен көзден сақтайды делінген. Қырық күн бойы баланы ешкімге көрсетуге болмайды деген сенім болды. Тек ең жақын адамдары көрген. Себебі ол әлі ата-анасына да тиесілі емес, “турбуленттік аймақта” делінген.

Сондай-ақ, оны мадақтау да болмайды, қандай жақсы әрі сүйкімді екенін айтпау керек. Ешқашан төмендегідей әдепсіз сөз тіркестерін айтуға болмайды:

– Қараңызшы, қандай сүйкімді! Біздің әкімге ұқсайды! Құдай сақтасын, ешкімнің аузынан: – Қаржы министрі сияқты! Анаған ұқсайды, мынаған ұқсайды деген… сөз шығып кетпесін.

Мақтадың ба – түкір

Егер зұлым рухтар баланы ұрлап кете алмаса, онда олар оған ауру жіберуі мүмкін. Мысалы, қызылша. Немесе диарея. Немесе оны ақылынан адастыруы мүмкін. Сосын оған Ұлттық банктің төрағасы болу туралы ой келуі мүмкін. Немесе одан да жаманы – Білім министрі. Бір сөзбен айтқанда, онда реформаторлық ойлары оянуы мүмкін.

Сондықтан нәрестеге қараған кезде тілге ие болу керек. Таң қалу, тамсану және қомен аймалауға болмайды. Керісінше, аздап жеку керек. Немесе нашар  пікір білдіру қажет. Ол жаман деп айту. Депутатсың деу. Малаховтан аумай қалған деу керек. Немесе одан да жаманы – шоубизнестің жұлдызы десін.

“Төреғалиға ұқсайды”. “Храпуновтың дәл өзі…” деген сияқты, небір сөздер бар ғой. Қалай айтсаң да өзің біл. Оның балаға тек пайдасы болады. Егер біреу байқаусызда мақтап жатса, онда сол иықтан асырып үш рет түкіріп, тез арада өз сөздерінен бас тарту керек.

Бірақ егер біреу мақтап қойса, баланың маңдайына қара бояумен сызып қояды. Күйе жағады. Ал киіміне тұмарлар іледі.

Бала жасадыңдар ма – қыдырыңдар

Қырық күн өткеннен кейін қырқыннан шығару рәсімі өткізілді – “турбуленттік аймақтан” шығару. Екінші туған күн. Баладан ит көйлегін шешіп алып, тұзды суға шомылдырып, ағаш қасықпен қырық қасық су құйып шомылдырған.

Баланы шомылдыратын ыдысқа тиындар, күміс зергерлік бұйымдар мен бұршақтар салынды. Оны шомылдыруға қатысқандарға берді. Әрине, ол әйелдер еді. (Ер адамдар оған қатыспайды). Алғаш рет баланың шашын , тырнақтарын алды (тырнақты өртеп, шашын тығып қоятын). Шомылдырған суды арнайы ыдысқа құйып, сақтап қоятын.

Егер бала мазасыздана бастаса, жылап немесе ддұрыс ұйықтамаса, оның бетін осы сумен сүртетін. Жуындырғаннан кейін нәрестеге кәдімгі киім кигізіп, ат қоятын. Өйткені қазір ол қоғамның толыққанды мүшесі болып саналды.

Балаға атты әдетте үлкендер – күйеуінің атасы мен әжесі қойған. Олар қойған атты нәрестенің әр құлағына үш рет айқайлап айтқан. Ата-анасы бұған қатыспайтын. Олардың бұған құқығы жоқ еді. Сондықтан олардың мұндай қызықты сәтке қызығушылық тудырмаған.

Олар өз істерін атқарды, енді тыныш отырсын деп есептелді. Тіпті біріні балаларын ата-әжесі алып алатын. Көбінесе солай болды да, бірақ бұл туралы жеке айтайық.

Бала көп болса – тісі азаяды

Осы уақытта қазандардың буы бұрқырап, әндер шырқалды, дәстүр бойынша шелпек пісірілді. Ол құрбандық нан ретінде таратылды. Айтпақшы, ұлдарды қыры күнге толтырмай, бір-екі күн бұрын қырқыннан шығарды. Отыз жетінші немесе отыз сегізінші күні. Ал қыздар бір-екі күн кейін шығарылды.

Болсанған анаға қалжа дайындады. Құрбандыққа шалынған малды осылай атаған. Одан тағам дайындалды. Сорпасы бар ет. Жаңа босанған әйелдің күшін қалпына келтіру үшін. Ананың сүті құнарлы болу үшін. Және шашы түспеуі үшін. Тістері түсіп қалмауы үшін. Айтпақшы, қазақтарда әр балада анасының бір тісі түседі деп есептелген. “Шілде қаққан” дейтін. Сондықтан ол кезде қазақ әйелдерінде голливудтық күлкі болмаған. Ия, және ол кезде тіс дәрігерлері де болған жоқ. Болса да, олардың дипломдары болмаған.

“Қалжа” сөзінің өзі екі бөліктен тұрады: “қал” және “жан, жаным”. Бірге айтылғанда “аман қал жаным”. Босанған әйелдер өмірге бала әкелу оңай емес және босану кезінде жаның кез-келген сәтте шығып кетуі мүмкін екенін біледі. Бала тумағандар да біледі. Кем дегенде естіді.

Құрбандыққа шалынатын малды қалыңдықтың туыстары әкелген. Олар нашарын емес, босанған әйел үшін арнайы жақсы күтім жасалған және бордақыланған қойды әкелді. Сорпа шырынды әрі сапалы болу үшін оны баяу отта пісірді. Жас ананы жақсы қалпына келтіру үшін.

Жас босанған ананың шілде терін шығару маңызды. Термен оның барлық шаршағаны шығып ккетуі керек. Ол үшін оны көрпеге орап, жаңа піскен сорпа берді. Сол кезде бірнеше рет киімін ауыстырды. Жас ана қалжалануы керек деп есептелді, әйтпесе оның баласы нәзік, ақылсыз және жылауық болып өседі.

Содан кейін ол көпшіліктің алдында қалыпты мәдени тілде сөйлей алмайды, маңызды жиналыстар өткізе алмайды, оған көмекшілері мәтін жазып береді және ол оны қағаз жүзінде оқиды…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз