Үйі жоқ болса да күні кеше өзінің 14-інші нәрестесін дүниеге әкелген Әлия Новиковаға әкім-қаралар ақыры пәтер беретін болыпты. Бұл туралы ИА Новости-Казахстан хабарлады.
Тамыз айының соңында 40 жастағы Ақтөбе тұрғыны Әлия Новикова өзінің 14-інші баласын босанған. Бала салмағы 4 келі 130 грамм болып туылыпты.
Әлия Новикова әлі күнге дейін квартирант болып жүр екен.
Баспана кезегіне 2010 жылы тұрса да, кезекте әлі 135-ші орында екен. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін күйеуі 85 мың теңге жалақы алса, мемлекет әр балаға екі мың теңгеден жәрдемақы төлейді екен. Қайта-қайта үй сұрап барған кезде шенеуніктер оған «неге туа бересің» деп дүрсе қояды екен.