Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Неге байға шықпайсың?”. Кәрі қыздардың “отырып” қалуының себебі табылды

189

Танымал британдық актриса Эмма Уотсонның өзінің сүйіктісі Уильям Найтқа сөз салмақ ойы бар екен. Оның ойынша, “тас дәуірде қалған” салт-дәстүрден арылатын күн жетті.

«Караван» медиа-порталының редакциясы қазақстандықтардың бұған деген пікірін сұрапты.

Амантай Қажы былай депті:

Ислам бойыша, бұл еркектің ісі. Әрине, актриса айтқандай, отбасын құруға кім ұсыныс жасағаны маңызды емес. Бәрі бір Алланың қолында. Ұсынысты пәк, таза, құртылмаған қыз жасаса, ештеңесі жоқ. Қазір біздің моральдық-өнегелілік қабілетіміз төмен. Егер пәк қыз жігітіне “үйленейік” десе, бұл – керемет. Тіпті, жесір әйелдер де дәл осындай ұсыныс тастаса, бұл да керемет! Несі бар? Христиандарда мұндай бар. Бұл, біріншіден, адамзаттың көбеюі емес пе? Әйелдер күйеуін өздері тыңдап, бала тууы керек!“.

Бағым Мұхитденова:

Менің ойымша, біздің менталитетпен бұл өте қиын.

Бізде жасқаншақтық деген көп. Бізде бәрі “ұят”.

Еркек үйленгісі келсе, үйленеді. Ал егер ол бір әйелмен 5-10 жыл кездесіп, әлі ұсыныс жасамаған болса, шынайы сезім жоқ деген сөз. Кейде басқа қызды көріп, бірнеше айдан соң үйленіп кететіндері де бар. Бұл – махаббат. Мәселе мұнда емес. Егер әйелдің өзі бірінші болып ұсыныс білдірсе, еркектер бас тартады деп ойлаймын. Еркектің аты – еркек, үйдің қожайыны – сол. Егер еркек ғашық болса – ол үйленеді. Бұл сөзсіз. Менің ойымша, әлем мен Қазақстан – бөлек түсінік. Әрине, біздің қоғамымызда бұл үлкен дауға алып келеді. Және біздің сана-сезімімізге мұны қабылдауға әлі ерте.

https://kaz.365info.kz/aza-ty-zhigiti-nege-ajyrymsyz-245698

Ал белгілі журналист, тележүргізуші Маржан Сұлтанбай көптеген қыздардың тұрмысқа шыға алмай жүруінің себебі – қазақ жігіттерінің әлсіздігінен дейді.

“Неменеге жетістің бала батыр, натуралдар азайып бара жатыр…”, – деп ескі әнді жаңаша нұсқада өңдеп айтуға да болады. Жасырын емес қой, ондайлардың шоу-бизнесте қаптап жүргені. Телевизия саласында неге жалғызбасты қыздар көп деген сансыз сұрақтарға жауап та – осы! Жар болар демейміз, ондайлармен “жан-подружка” боп құшақтасып жүреміз. Амал қанша? Оны қазір айт не, айтпа не – еркектің құшағынан бір рет жылу тапқан жігіт қайтып табиғи болмысына орала алмайды”, дейді Маржан.

“Байға неге шықпайсың, байға неге шықпайсың?”, – деп туа алмай жүрген тауықтай қақылдай бергенше,

бойдақ жігіттерге неге “үйлен!” деп айтпайсыңдар? Біздің қолымызда билік бар ма?

Мәселен, Үндістанда қыздың әке-шешесі жігіттің үйіне барып “ұсыныс” айтады. Бізде қай мәселе болмасын, бәрі еркектердің қолында! Бірақ “еркек” деген атқа сай азаматымыз қане? Бұдан бірнеше жыл бұрын: “Кім голубой?”, деп саусағымызды бүгіп санайтын болсақ,

бүгінде: «Тааак… кім голубой емес?”, – деп, есепті керісінше жүргізетін болдық”,

депті тағы журналист Маржан Сұлтанбай.

Не дейміз? Ұл баланың тәрбиесіне әкесінің араласқаны жөн. Бірақ, тәрбие қайдан болсын, қазір екінің бірі ажырасып тынған. Күні бойы жұмыста жүретін аналар жетегіндегі ұл баланың қалай тәрбиеленіп жатқанына бас қатырмайды. Әкесі бар балалардың өзі әкесін күнұзақ көрмесе, нағыз еркек қайдан пайда болсын?

Сіз не дейсіз?
https://kaz.365info.kz/shaldarga-dejin-khyryndajdy-azhyraskhan-khyzdyn-myny-266008
Бәтес Ерболат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз