Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
7
USD
483
-0.37
EUR
534
-1.57
RUB
5.08
-0.04

“Неден жаңылдыңыз?”. Журналист Ұлттық арна басшысы Ерлан Қаринге ренжіп жүр

Тарихи тақырыпты арқау еткен туындыға қатысты белсенді түрде пікір білдіріп жүрген белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Ұлттық арна басқарушысы Ерлан Қаринге ренішін жеткізді.

«Ерлан мырза, мен Сізді ең алғаш рет 2005 жылы Алматыдағы “Stars club”- та болған Литер-медианың 1 жылдығында көріп, танысып, дастархандас болған едім. Сол кезде Сіздің сөз саптауыңыз, парасаттылығыңыз, Отанға деген сүйіспеншілігіңізге қатты тәнті болғанымды жасырмаймын.

Телевидение саласында 15 жылдай қызмет етіп келемін. Кезінде Баянсыз-ақ рейтингті жасаған продюсердің бірі болдым. “Рейтинг” керек болса, мен деген мықты журналистер көп. Неге айналып келгенде осы Баян Мақсатқызының төңірегінен шыға алмай қойдыңыздар? Қаншама жыл жинаған абыройыңыздың осылай төгілгенін қаламаған боларсыз. Бәлкім, өкініш өзегіңізді өртеп те жатқан шығар», – деп жазды журналист Instagram парақшасында.

Сондай-ақ журналист Баян Мақсатқызының жаңа жылдық бағдарламада жүргізушілерді сүйістіріп қойғанын сынға алды.

«Рейтингті қуалайсыз-ау, ал, келешек ұрпаққа не дейсіз, айтыңызшы?! Баянға бәрібір. Оған екі қойың бір тиын. Ол бүгінгісін ойлайды. Ол әйел Инстаграмдағы оқырмандарының миллионға жеткеніне алаңдайды. Есі бар “халық алдындағы продюсер” етегін жауып жүрер еді. Телехикаяны жамырап сөз таластырып отырғанымызда, “мә, саған керек болса” деп, желтоқсанның 31-і күні Ұлттық арнамыздың көгілдір экранынан жүргізушілерді сүйістіріп қойды. Біздің менталитеттің мүлдем басқа екенін бұл әйел баяғыда ұмытқан.

Ал, Сіз неден жаңылдыңыз? Ұлтқа, тарихқа деген жанашырлығыңыз қайда жоғалды? Осы сериалға атүсті қарағаныңызға таңым бар», – дейді Бибігүл Дәулетбекқызы.

Сонымен қатар Бибігүл Дәулетбекқызының айтуынша, «КТК» телеарнасының бұрынғы басшысы Баян Алагөзованы жұмыстан шығарып, күзетшіден есіктен кіргізбей қоюын талап еткен.

«Бүгін қаңтардың 5-і. Бүгін «КТК»- да басшым болған өзге ұлт өкілі Сергей Викторович Клещенковтың дүниеден озған күні. Бұрынғы әріптестерімді көргенімде Сергей Викторовичтің қарапайымдылығын, журналистерге қамқорлығын еске түсіреміз. Сол кісі Баянды жұмыстан шығарып жіберіп, күзетшіден есіктен кіргізбей қоюды талап еткен еді. Кейін сұрағанымда: «Бүгінгі күнімен жүретін журналистер эфирді ластап қана қоймай, мазақ етеді. Мен өз абыройымды ойлау керекпін»,- деген болатын. Абыройдан жұрдай болмай тұрғаныңызда өзіңізді ұмытпағаныңыз жөн. Шашылған абыройды қайта жинау өте қиын», – деп жазды журналист.

Өз кезегінде желі қолданушылары да журналистің пкірін қолдап, аталған телехикаяның түсіріліміне мемлекет есебінен жұмсалған қаржының қайтарылуын талап етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз