Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

„Не молчи„ қоғамдық ұйымы балаларды зорлауға қатысты жантүршігерлік деректерді жария етті

188

Смаилова айтып отырған статистикалық мәліметтерді ҚР Бас прокуратурасы өзі ұсынған екен. Ерікті ұйымға бес айдың ішінде 120 хат келіп түскен. Әрқайсысы – тәлкекке түскен бір-бір тағдыр.

Смаилова мәслихатқа ертіп келген әйел, өзінің балаларының оқиғасын айтып беріп көз жасына ерік берді. Гүлмира Махатованың айтуынша, 29 қараша күні заңды некедегі күйеуі оның 10 жасар қызын зорлаған.

“Сол оқиғадан екі апта өткеніне қарамастан органдағылар әлі тып-тыныш отыр. Осы күнге дейін ешқандай тергеу, сұрау болмады. Бала болса әлі есеңгіреп жүр, біз оны психотерапевтке қарап жатырмыз. Бізді ешкім қорғамайтын бейшара секілдіміз. Шағым түскен соң күйеуімді ұстады да, бір сағаттан соң босата салды. 14 жастағы үлкен қызымнан да сұрап едім, ол 3 жыл бойы осындай зорлық көріп келе жатқанын айтты”, – дейді Махатова.

Тағы бір әйел Жазира Аманбекованың айтуынша, оның 4 жасар қызын тәрбиеші балабақшадан алып кетіп әлдеқандай бір сектаның жиынына алып барып ұрып-соққан.

“2015 жылы 22-мамырда біз баланы балабақшадан алып кетуге бардық. Күйеуім бірінші болып қыздың үстінен түрлі жарақаттарды көріп қалды. Оның беті мен иек тұсы жарақаттаныпты. Ал тәрбиеші болса қызыңыз құлап қалды дей салды”, – дейді әйел.

Тек 2 айдан соң ғана бала басынан өткен жағдайды айта бастаған. Баланың айтуынша, тәрбиешісі оны балабақшадан алып кетіп, әлдеқандай бір үйге алып барған. Онда адамдар тек қызыл түсті киімдер киіп жүріпті. Содан соң олар қыздың ішкиімін шешіп, өткір таяқтар сұққан. Әйел осыдан соң бірден полицияға шағым түсірген. Аудандық тергеу органы үндемей қойған соң, прокуратураға арызданады. Ақыры істі созбаққа салған қадағалаушы орган осы жылдың тамыз айында істі жауып тастайды.

Алайда әйелдер де, олардың адвокаты Айман Омарова да балаларға көрсетілген зорлық бойынша әділеттілікке жету өте қиын дейді. Бірақ, сонда да олар еңселерін түсірмей, соңына дейін баруға тырысып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз