Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-7
USD
523
-0.42
EUR
548
-0.97
RUB
5.06
+0.01

“Не істеймін енді?..”. Көңілдесінен бала туған әйелін кешірген азаматтың мұңы (видео)

188

39 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны Шафхат Тұрсынбеков жұрттың алдында мұңын шақты. Әйелі бірнеше жылдан бері опасыздық жасап келеді екен. Айтуынша, төртінші балаларын көңілдесінен туған.

«Әйеліммен осы күнге дейін жақсы тұрдым. Ол өзімнің құдашам болған. Менің әкемнің інісі оның әкесінің қарындасын алған. 1982 жылғы марқұм қарындасыммен жақсы араласатын. Бірінші қызымыз, артынша ұлымыз дүниеге келді. Құдайға шүкір, өзіме барлығы жеткілікті еді. Тату-тәтті өмір сүрдік. Соңғы бір жарым жылдың ішінде барлығының астаң-кестеңі шықты. Оның маған опасыздық жасап жүргеніне 3 жыл уақыт болған екен. Қайын жұртымның 95 пайызы, әкесі мен шешесі де мені жақтап отыр. Қызымды алуға әкесі көмектескісі келетінін айтқан, бірақ артынша айнып қалды. Үй-жайымды қалдырсам да, балаларымды алып кеттім. Өйткені ол менің көзіме шөп салып отыр. Тіпті көңілдесіне ұл туып берді. Өз аузынан естісем де, балаларым үшін оны қабылдауға толықтай келістім. Тәуекелге бармақ болдым.

Кеше 22 наурыз күні үйде айқай шығарды. Балалардың көзінше мені жаманатты қылып, екеуін алып кетті. Маған мереке күні «Сенің балаларды қарауға шамаң жетпейді» деп жазыпты. Осы уақытқа дейін бір жыл бойы мен бағып келдім. Ол балалардың 28 000 теңге жәрдемақысын алып отырды. Мен одан бір тиын сұрамадым. Балалары өзінікі ғой. Шамалы болса да мейірім беруге болады ғой. Әйелім жаңағы ақшаның барлығын жинап, көлік мінген. Бір жыл бойы оның адам қатарына қосылуын күттім. Содан сотқа бермей жүрдім. Оның үстіне шамалы жағдайым жетіңкіремей тұрды. Оңтүстік Қазақстанда 60-70 мың деген орташа айлық болып есептеледі. Үй соның атында болғандықтан, барлығын тастап, жалғыз өзім шығып кеттім.

Намаз оқып, балаларымды соңымнан жетеледім. Екеуі қайта кетіп, 13 жасар қызым бой бермей менімен қалып қойды. Шешесінде осы қызымдікіндей ақыл да жоқ деп ойлаймын. Кетерде шешесі қызының намысына тиді. Оны бұрынғы бір көрші қызға теңеп кетіпті. Отасқанымызға биыл 13 жыл болатын еді. Тұрмысқа шыққан кезде жасы 19-да болды. Оны менің шешем қатты жақсы көретін еді. Жас отбасы болған соң бастапқыда пәтерде тұруымызға тура келді. Бізге жерді қайын атамыз алып берген. Әйелім өзімен бірге жасау әкелмеген болатын. Жерді соның орнына беріп отыр. Бірақ тамды менің марқұм әкем салып берді.

Әйелім опасыздық жасап жүргені туралы 4 рет айтты. Бастапқыда менен талақ сұрады. Қазір әйелімнің даусы жазылған 15 аудио жазба бар. Сол жазбаларды тыңдасам да, мен әйелімді кешіріп отырдым. Бірінші-екінші сотта оның опасыздығы туралы білмедік. Мен ажыраспайтындығымды айтып, жылап кешірім сұрадым. Әбден ажырасып болған соң оның көзіме шөп салғанын білдім. Ал менен барлығын тартып алып үлгерген еді. Көңілдесі менің үйімнің жанынан зауыт ашқан. Оның да әйелі мен бала-шағасы бар. Әйелі менің кейпімді кешіп жүр десек те болады. Араларын да заңды неке болмағандықтан, оңай тастап кететінін айтып қорқытады екен. Менің сотта ДНҚ жасатуға ақшам жетпей отыр. Төртінші баланың менікі еместігін ашып та айтты.

Осы орайда сот шамалы болса да менің жеңілдігімді қарастырғанын қалаймын. Екеуіміз ажырасып кетсек те, ол келіп балалар үшін үйге қонып кетіп жүрді. Мен балаларды одан шеттеткім келмейді. Тіпті, өзі бағып-қақса да қарсы емеспін. Бағдарламаларыңызда осындай жағдайдың талқыланғанын көрдім. Бір нұсқасы табылып қалар деген ниетпен келіп отырмын. Бұл әйелді не істейтінімді білмеймін. Ол ақталғаннан басқа ешнәрсе білмейді. Қазіргі мақсатым – екі балам мен еңбегіме тиесілі дүниені алу. Үйдің жартысын болса да алғым келеді», – деп түсіндірді ол жағдайын.

Шафхат мырзаның сөздерінен кейін Ләйлә Сұлтанқызы оның әйеліне хабарласып көрді. Шахноза ханым тұтқаны көтеріп, мән-жайды түсіндірді. Тіпті, бағдарламаға шақырту алмағанын айтып ренжіді. Шақырған жағдайда міндетті түрде келетінін айтып уәде берді.

«Біздің ортақ төрт баламыз бар. Қазір мен жұмыста отырмын. Сізге кейін хабарлассам бола ма? Мені олай жамандамасын. Күйеуім сол жерге барған екен, неге мені де шақырмайсыздар? Сол жерге міндетті түрде баратын едім. Ашуланып тұрған жоқпын. Мұны елге жария етудің не қажеті бар?! Одан да анасын алып келіп менімен сөйлеспей ме? Мені алыста отырып алып қарғап жатыр. Мен төрт баламның көз жасына қалғым келмейді. Оның алдына барып қанша рет жылап жүрдім. 4 айдан бері маған балаларды көрсеткен жоқ. Заң бойынша 18 жасқа дейін балалар анасының қолында болуы керек емес пе? Бағдарламаның алдына барып ақталмасын. Шақыртсаңыз міндетті түрде барамын. Менің намысыма бұлай тимесін. Мен өзбектің қызымын, менің намысым бар», – дейді Шахноза ханым.

Осы орайда, студияға келген психолог маман баланың Шафхат мырзанікі екенін айтып қалды. Оның пікірінше, Шахноза ханым мұны талақ бермеген соң айтқан. «Әйелі бұл кісімен бірге тұрғысы келмеген. Мұның қандай себебі барын айқындауымыз керек әлі. Сізден бірінші талақ сұраған. Сіз көнбеген соң сізді ызаландыру үшін төртінші баланың басқадан екенін айтқан болуы мүмкін», – дейді психолог.

Ал студияның тағы бір қонағы Жандарбек Бұлғақов Шафхат мырзаның өзінің айыпты екенін меңзеді. «Мен ашуланған жоқпын. Сіз осы уақытқа дейін басқа мамандардан кеңес сұрап көрдіңіз бе? Әлде «Әйел бақытына» алғаш рет келіп отырсыз ба? Бәлкім араларыңызда дос-жарандарыңыз, ауылдың үлкендері болған шығар?» – дейді айтыскер ақын.

Кейіпкер өз кезегінде барлық туған-туысқандарынан ақыл сұрағанын айтып налыды. «Жаңағы 15 жазба табылғалы жұрт менен әйелім туралы сұрай береді. Қайын атаммен де, енеммен де сөйлестім. Енеммен сөйлесу бекер. Сол себепті бұл мәселені атам шешеді деп ойладым. Яғни қайын жұртыма бірінші бардым. Дос-жарандарымыздың әйелдері де Шахнозаға жолықты. Бұдан өзге мешітке барып ақыл сұрадым. Имамдар барлығының тек өзімнің қолымда екенін айтты», – дейді ол.

https://www.instagram.com/p/BSMP2tuB5Pd/?taken-by=aielbaqyty

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз