Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Не істейм, тағы да сатып жіберем”. Индустрияландыру бойынша қолға алынған жобаға ақша болмай тоқтап тұр

Таңат Бекназаров – қант қызылшасын 90-жылдары егіп, астық алған агрономдардың бірі. Содан бері Солтүстік Қазақстан облысында тәтті түбір себілген жоқ. Енді оны осы шаруашылық қолға алып, тағы да тыңнан түрен салды.

Таңат Бекназаров, бас агроном:

– Былтыр бірінші рет егіп көрдік. Жақсы өнім алдық. Бір гектардан 50 тоннаға дейін алдық. Биыл 400 гектар ектік, 8-9 сұрып әкелдік.

Қант қызылшасын жылда бір жерге егуге болмайды. Биыл шаруашылық 400 гектарды тыңайтып, 30 млн теңге салды. Енді тұқым себуге кірісті.

Шаруашылық қант қызылшасын бірінші рет былтыр егіп, 12 жарым мың тонна өнім жинады. Алайда оны өңдей алмай, Башқұртстанға сатып жіберді. Қазір қаржы қолбайлау болып, қант зауытының құрылысы тоқтап тұр.

Индустрияландыру картасына енген жобаның құны – 4 млрд теңге. Зауыттың қазығы қағылып, қабырғасы қаланды. Енді қаржы қат. Шаруа несие алайын десе, кепілге қоятын мүлкі жетпей тұр.

Бақыт Рашитов, серіктестік директорының орынбасары:

– Бірінші жоспар бойынша біз 2016 жылы ашамыз деп үміттендік. Бірақ былтыр да несие ала алмадық. Өз қаржымызға салсақ, созылып кетейін деп тұр. Қазір 2 банкке өтініш бердік.

Қазақстанда 4 қант зауыты бар. Олар оңтүстік облыстарда орналасқан.

«Сондықтан жоба жүзеге асса, Солтүстік Қазақстан қантпен толық қамтамасыз етіледі», – дейді шаруа.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз