Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Не дер екен? Прокуратура Теңіз кенішіндегі жалақыны тексерді

Өткен жұма күні жұмысшылар жалақыны көтеруді талап еткен соң, кәсіпорын басшылығы олардың қызмет куәліктерін тартып алған. Сол себепті олар үйлеріне тарауға мәжбүр болған.

Хабарларға қарағанда, 27 қаңтарда 120 жұмысшы жалақыны 50 пайызға көтеруді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан. Жергілікті “Ақ Жайық” газетінің мәліметі бойынша, келіссөздерден соң жұмыс беруші жалақыны шамамен 12 пайызға көтеруге келіскен, дегенмен жұмысшылар өз талаптарынан қайтпай отыр.

Теңіз – Қазақстандағы ең ірі мұнай кеніштерінің бірі. Оны “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорыны игереді. «Кентек Казахстан Техникал Сервисез» компаниясы Теңіз мұнай кенішін электр техникасымен қамтамасыз етеді. Компанияда шамамен 200 адам вахталық әдіспен жұмыс істейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз