Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Не боп қалды? Қырсық қырғыз Атамбаев саясатқа қайта оралды

Үлкен саясаттан формальды түрде кеткен күнінен бастап, Алмазбек Атамбаев өз резиденциясында жатып, үзеңгілес және ниеттес серіктерінің адалдығын және өзіне арнап жасаған саяси модельдің өміршеңдігін бақылады. Енді үлкен саясатқа қайта оралған ол жасаған қорытындыларын алға тартпақ, деп хабарлайды Саясат.

Оралатын кез келді

Алмазбек Атамбаев

Өткен басқосуды экс-президенттің өзі қаржыландырды. 2017 жылғы қарашада өткен баспасөз мәслихаты барысында ол өзінің жақын уақытта саясатқа қайта оралатынын мәлімдеген болатын.

Атап айтқанда,

ол алдағы парламент сайлау кезінде өз партиясының, яғни, Қырғызстанның социал-демократиялық партиясының (ҚСДП) партиялық тізімін бастайтынын  мәлімдеген.

https://kaz.365info.kz/biz-she-negizi-atambaev-khazakhstanga-tagy-tiisti-256770

Кейінірек бұл сценарий туралы экс-президенттің үзеңгілес серіктері де бірнеше дүркін айтқан.

Мәселен, 2017 жылғы желтоқсанда ҚСДП төрағасының орынбасары Фарид Ниязов алда тұрған съезд Атамбаевты партия төрағасы ретінде бекітетінін мәлімдеген. Наурыз айында бұл мәселені ҚСДП саяси кеңесінің мүшесі, парламент депутаты Марат Аманқұлов та күн тәртібіне шығарған.

Болашақ съезге деген ынтазарлықты оны өткізу мерзімінің бірнеше рет өзгертілуі қоздыра түсті. Алдымен социал-демократтар съездің 2017 жылғы желтоқсанда өткізілетінін мәлімдеген, кейін ол қаңтарда өткізілетін болып жоспарланса, ақпанда өтеді деген басқосу наурыз айына шегерілген болатын.

Өткізу мерзімінің бұлай құбылуы съезді дайындаудағы ұйымдастырушылық немесе техникалық келеңсіздіктер салдарынан емес, лайықты саяси конъюктура іздеуге байланысты болды.

Экс-президент өзіне қажетті және ыңғайлы сәтті күтті.

Бас қосудың сәтті өтуін басшылыққа алсақ, Атамбаев өзінің саятқа қайта оралтын кезі келді деп, шешкен сыңайлы.

Атамбаев өз жоспарлары туралы

«Ашығын айтайын, мен ешқандай лауазымға барайын деп отырған жоқпын. Алайда, шындап келсек, жаңадан сайланған президент пен үкіметтің менің көмегіме және байланыстарыма зәру болатынын жоққа шығара алмаймын. Мен көптеген елдердің президенттерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан едім, ал кейбіреулерімен, тіпті, бауыр ретінде араластым.

Мен ҚСДП-каны алда тұрған парламенттік сайлауға дайындаймын. Сайлауға араласпаймын, бірақ мен тізімде бірінші болам деп ойлаймын. Құрамды өзім анықтайтын боламын. Өйткені ҚСДП парламенттің қандай болу екендігін көрсетуге тиіс».

 Атамбаевтың айтқаны болмады ма?

Қазіргі президент Кыргызстана Сооронбай Жиэнбеков 2017 жылғы желтоқсанда өзінің өкілеттігін орындауға кірісті. Сол сәттен бері жарты жыл өтті. Атамбаевтың өзі құрған саяси жүйенің қызмет ете бастағанына да осыншама уақыт өтті.

Осы жаңа жобада ол өзін саясаттағы ата ретінде танытқысы келсе, жаңа президентке өзінің саясатын жағастыратын техникалық рөл ғана арнапты.

Бірақ алғашқы жарты жыл Атамбаев дайындаған саяси модельдің бета-болжам ретінде қалып қалу мүмкіндігін көрсетті. Соңғы бірнеше айдан бері Қырғызстандық БАҚ Сооронбай Жиэнбеков пен Алмазбек Атамбаев екеуі араздасып қалыпты деген болжамды талқылауда.

https://kaz.365info.kz/al-endeshe-16-khantarda-khylagan-yshakhtagy-zhykter-atambaev-pen-onyn-ajeline-tiesili-bolgan-252458

Барлығы қазіргі президенттің құқық қорғау органдары жұмысының тиімсіздігі мен жемқорлықты сын тезіне алудан басталды.

Жемқорлық. Жиэнбеков не дейді?

«Жемқорлықпен күрес құқық қорғау органдарымен шетелмейді. Бұл бағытта біз биліктің жоғарғы эшелондарынан бастап ең соңғы айыл окмотуларына дейі жұмыс істейміз.

Билік пен қоғамды жемқорлықтан арылту қажет. Оған менің саяси жігерім мен рухым жетеді».

Жемқорлыққа қарсы күрес

Күш құрылымдарын сын тезіне алған бұл мәлімдемені бақылаушылар мемлекет басшысының бұрынғы президенттің көлеңкесінде қалғысы келмейтінің белгісі ретінде қабылдады. Өйткені бір жағынан,

Жиэнбеков сының бір шеті саяси әдет-ғұрыпқа арқа сүйеп отырған экс-президент Атамбаевқа тиді.

Ал екінші жағынан, Сооронбай Жиэнбековтың жемқорлыққа қарсы бастаған күресі

қисынды түрде Атамбаевтың адамдары отырған күштік құрылымдар аппараттарындағы кадрлық ауыс-түйістерге әкеліп соғады.

Атап айтарлығы, президент өзіжауап беретін учаскелерде кадрлық ауыс-түйістерді жасап та үлгерді. Осындай өзгерістердің шыңырау шегі ретінде Атамбаевтың оң қолы атанған Фарид Ниязовтың президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан кетуін айтуға болады.

Ал ҚСДП-ның Ақсый оқиғаларының 16-жылдығына арнаған митингісін осы ауыс-түйістерге қарсы жасалған жауап ретінде қабылдауға болады. Осы митинг барысында «Айкөл Ала-Тоо» қозғалысының төрағасы, ҚСДП мүшесәі Мээрбек Мискенбаев  Сооронбай Жиэнбековты билікте отбасылық басқаруға жол бермеуге, ал оның бауыры Асылбек Жиэнбековты (ҚСДП мүшесі) депутаттық мандатты тапсыруға шақырды.

«Өткізсін мандатты!»

«Біз президент Сооронбай Жиэнбековты елімізде отбасылық-кландық және аторитарлық басқару жүйесін қайтаруды және орнатуды көксегендердің жетегінде кетпеуге шақырамыз. Жерлестік пен непотизм нышандарын тоқтату керек.

Заң баршаға бірдей болу керек.Біз Жиэнбековтен бірыңғай, күшті және еркін Қырғыз мемлекетін құруға бағытталған Алмазбек Атамбаевтың саяси бағытын жалғастыруды талап етеміз».

Премьер-министр не дейді?

Премьер-министр Сапар Исаков үшін Атамбаев саясатқа дер кезінде оралып отыр. Өйткені оның қазіргі жағдайы шатқаяқтап тұр. Атап айтарлығы, оның орынды себептері де жоқ емес – Бишкектегі ТЭЦ-те орын алған апат, чехтардың Liglass Trading компаниясымен арадағы және «Альфа Телеком» жабық акционерлік қоғамы ұялы операторын (MegaCom бренді) сату бойынша жанжал.

Атқарушы тәртіптегі жүйелік қиындықтар, орынсыз кадрлық ауыс-түйістер, «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Huawei компанисямен арадағы келісім-шарттың күшін жою.

Осының барлығы парламентте Исаков командасының отставкасы туралы әңгімеге әкеліп соқты.

Премьер-министрдің өз атына айтылған сын-ескертпелерге бой бермеуіне қарамастан, оның жіберген әрбір қатесі оның басқарушылық қабілетін жоққа шығаруда.

https://kaz.365info.kz/maskeu-zhakhyn-dosym-satpaev-atambaevtyn-ne-menzegenin-ajtyp-khojdy-283731

Осы орайда, айта кетерлік дүние, ол да Атамбаев өсірген «балапандардың» бірі, және экс-президент үшін ерекше миссия атқаруда – ол атқарушы биліктің адалдығын қамтамасыз етуге тиіс. Алайда премьер Исаковтың соңғы жарты жылдағы еркін жүзуі өз басшысының қолдауынсыз оған қаншалықты күрделі болатынын көрсетті.

ҚСДП — басқарушылар ордасы

29-наурызда Сооронбай Жиэнбеков пен Алмазбек Атамбаев кездесті, бұл съезд қарсаңындағы шытырманды асыра түсті.

Алайда Атамбаев үлкен саясатқа оралуын өзінің мұрагерімен ашықтан ашық жанжалдасудан бастамас, оның үстіне, мұрагер де мұндай саяси күрестің басталуына мүдделі емес.

Сондықтан

олар съезден Атамбаевтың  үлкен саясатқа қайта оралуын күтті

Әрине, экс-президенттің үлкен саясатқа қайта оралуы жергілікті саясат үшін өте маңызды оқиға болмақ. ҚСДП Қырғызстандағы ең үлкен саяси партиялардың бірі. Соңғы парламент сайлауында социал-демократтар сайлаушылардың басым дауысына ие болып, бірінші орынға жайғасқан.

Қазір олар Жоғарғу Кеңештегі 120 орынның 38 ие болып, басқарушы көпшіліктің ордасына айналып отыр. Бұл, шындап келгенде, Атамбаев бастағалы отырған саяси маневрлер үшін үлкен ресурс болмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз