Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Міне,солай! Мирзиёев алғашқы сапарын Ресейге жасайды

Өзбекстанның жаңа басшысының инаугурациясы жыл соңына дейін өткізіледі, ал 2017 жылдың қысында немесе көктемінде ол Ресейге ресми сапармен барады. “Известия” мәліметі бойынша, өзбек үкіметі Шавкат Мирзиёевтың алғашқы ресми сапарына дайындалып жатыр.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың аталған газетке хабарлауынша, Кремль Өзбекстанның жаңа басшысының бұл жоспарын құптайды және Мирзиёевтың сапармен келуін асыға күтеді.

Мемлекеттік думаның ТМД істері жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Калашников Өзбекстан басшысының алғашқы сапарын Мәскеуден бастауы – “экономикалық, геосаяси және әскери тұрғыда дұрыс” деп есептейді. Оның пікірінше, Шавкат Мирзиёев — “Ресей мен барлық постсоветтік кеңістікті түсінетін адам”. “Ол Ислам Кәрімовтің командасында болды, яғни бізбен қарым-қатынас орнатуға дайын”.

Шавкат Мирзиёев 6 қыркүйекте Самарқан қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен кезде Ресейді “стартегиялық әріптес” ретінде сипаттады. Ресей басшысы Самарқанға Өзбекстанның тұңғыш президентін еске алу үшін барған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз