Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Назеркенің ата-анасы: «Қызым, егер осы хабарландыруды оқып отырсаң, үйге орал…»

155

Назеркенің ата-анасы ешкімді қудаламайтынына кепілдік бере отырып: «Егер сіз біздің қызымызды ұстап отырсаңыз, қомақты сыйлыққа қайтаруыңызды сұраймыз. Біз ешкімді қудаламаймыз. Біз үшін қызымыздың үйге оралғаны ғана қажет. Қызым, Назерке, егер осы хабарландыруды оқып отырсаң, үйге қайта ғой. Сен бізге өте қажетсің, біз сені жақсы көреміз, біз — сенің ата-анаң мен бауырларың өзіңді асыға күтудеміз», — дейді.

 

Естеріңізге сала кетейік, Әріп Назерке Дарханқызы, 22.06.1999 жылы туған, 2017 жылы 10 шілдеде сағат 13:40-та Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында үйден шығып кеткен, әлі күнге дейін оралмады. Бойы 162 см, салмағы 55 кг. Шашы қара ұзын. Үстінде ұзын қара көйлегі болған.

Телефон номері бойынша іздестерген кезде оның ұялы телефоны 10.07.17 ж. Гурилев-Тәтібеков-Рысқұлов-Айша бибі көшелерінде анықталды.

Кез келген ақпаратты мына телефондар арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз:

87027516977

87754820550

87753655301.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз