Бір айдан бері туыстары мен жақындары, полицейлер мен еріктілер 18 жастағы Назерке Әріпті іздеп жатыр. Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ.
Соған қарамастан қыздың ата-анасы үміттерін үзбеген. Қыздың анасы қызды ұстап отыруы мүмкін деген адамдарға арнап бейнеүндеу жолдады.
Анасы бұзық ойлы адамдардың ізіне түспеуге уәде береді.
“Назерке, жаным, біз сені жақсы көреміз, күтеміз. Үйге оралшы. Егер сені ренжітсек, кешір”, – дейді көзіне жас үйірген анасы. Бейнежазба Қарлығаш Мудуарованың Фейсбуктегі парақшасында жарияланған.
https://kaz.365info.kz/nazerke-arip-khajda-zhogaldy-275327
stan.kz