Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Назерке Әріп қайда жоғалды?

355

10 шілде күні үйінен шығып кеткен Назеркенің телефонына соңғы қоңырау сол күнгі сағат екінің кезінде соғылған. Одан кейінгі телефон қоңырауы түнгі сағат он бірдің кезінде Алматының Развилка және Татарка шағын аудандарының маңайында тіркеліпті. Яғни Гурилев-Халиуллин-Тәтібеков көшелерінің қиылысында Назеркені көргендер болуы мүмкін. Сол себепті де іздеу жұмыстарына қазір Алматы қаласының полициясы жұмылдырылды.

“Тұздыбастау елдімекенінде болған оқиға. Яғни олар Талғар ауданына шағым түсіруі керек еді. Бірақ ата-анасы қыздың Медеу ауданына сабаққа кетуі мүмкін екендігі туралы болжам айтқаннан кейін Медеу ауданында тіркелді”, – дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Биыл ғана мектеп бітірген қыздары туралы  бір айдан бері хабар алмаған Назеркенің ата анасы қыздары туралы кез-келгшен ақпарат иесіне сыйақы беруге әзір. Талғар ауданына қарасты Нұра ауылының тұрғыны Ләззат Сығаеваға да жақындары іздеу салады. 19 маусым күні таңғы сағат жетінің шамасында шығып кеткен 36 жастағы азаматшаның қайда кеткенін ешкім көрмеген.

“Табылса екен. Көрген білген адам болса, бізге хабарласса екен. Қол ұшын беретін жандар болса, бізге хабарласса екен. Еріктілер болса. Мүмкін ауылда, бір жерде ұстап отыр ма біреулер”, – дейді Сығаеваның әпкесі Жанаргүл Сығаева.

62 жастағы Түсіпова Қадиша Шопанқызын да балалары іздеп жүр. Паркинсон синдромымен ауыратын зейнеткер көрген-білгенін тез ұмытып қалады дейді жақындары.  Ерекше белгілері: оң қолы мен аяғы дірілдейді,  үйден шығарда үстінде қызғылт жейде мен қою көк шалбарда болған екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз