Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Назарбаевтардың құдасы Шайжүнісовтер әулеті жайлы не білеміз?

342

https://kaz.365info.kz/dariga-nazarbaeva-zhalgyz-khyzyn-yzatty-foto-321131

22 жастағы Дәлен Шайжүнісов туралы Желіде көп ақпарат жоқ. Кей деректерге сүйенсек, 1995 жылғы 24-қыркүйекте дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы университетті “Заңгерлік” мамандығы бойынша тәмамдапты. Астана тұрады екен. Венера мен Дәлен екі жыл бұрын танысыпты.

Шайжүнісовтер әулеті

Жалпы айтқанда, Шайжүнісовтер әулетін көпшілік біледі. Әулеттің түп-тамыры – Шығыс Қазақстаннан. Арғы атасы –

социалистік еңбек ері, танымал ұстаз Жақия Шайжүнісов (1914–1983).

Семейдегі орталық көшелердің бірі мен қаржы колледжі осы кісінің құрметіне аталған.

https://kaz.365info.kz/ana-kisi-khajdan-zhyr-dariganyn-khyzynyn-tojynda-kimder-boldy-foto-321197

Шайжүнісовтер әулетінен шыққан тағы бір белгілі тұлға – Маркен Шайжүнісов – Семейдің құрметті тұрғыны. Әр жылдары жоғары лауазымды иеленген:

Семей облысының әкімі, Семей қаласының әкімі болып істеген, Қазақ ССР-нің Жоғары Кеңесіне сайланған, Қазақстан парламентінде депутат болған, Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

1944 жылы туған Тоқан Шайжүнісов Венера Назарбаеваның қайын атасы атанды, “Востокказколхозстрой” трестінде басқарушы, Өскемендегі “Казгипроцветмет” ЖШС президенті болған. Үлкен ұлы – Сергей Шайжүнісов —”Қазқұбырөнеркәсіп” АҚ, “КазПетроМашКоммерц” ЖШС басқарады.

Дариға Назарбаеваның күйеу баласының ағасы Аллен Шайжүнісов “Астана ЭКСПО-2017” ҰК басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз