Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Назарбаевқа беріпті ғой…». Мирзияев аяқ-астынан АҚШ-қа барғалы жатыр

Американдықтар Орталық Азия аймағына өте бір прагматикалық тұрғыдан қарайды. Әсіресе, олар екі мәселеге ерекше назар аударады.

Біріншіден, оларға бұл аймақта өздерінің негізгі геосаяси қарсыластары – Ресей мен Қытайдың ықпалын төмендету қажет.

https://kaz.365info.kz/shamasy-zhetedi-mirziyaev-ortalykh-aziyanyn-koshbasshysy-bola-ma-313472

Осы орайда, атап айтарлығы, егер Мәскеу мен Пекин өз шекараларының дәл түбінде орналасқан аймақтың тұрақты дамуына мүдделі болса,

басқа континентте жатқан Америка белді бекем буып, түрлі авантюраларға, арандатушылыққа барудан кет ары емес.

Мұны іргелес жатқан қырғыз бауырларымыз жақсы біледі.

Шавкат Мирзияев пен Дональд Трамп

Бірінші мақсат – көлік дәлізі

Вашингтон Ауғанстандағы жағдайға көзқарасын өзгерткенін және бұл елдегі әлсіреп қалған әскери ықпалын қалпына келтіруге деген ұмтылысын баяғыдан бері жариялап келеді.

Бұл үшін оған Орталық Азия елдері ұсына алатын қарапайым әрі тиімді логистика қажет.

Пәкістан арқылы өтетін негізгі дәліз соңғы уақыттағы осы ел басшылығымен арадағы келіспеушіліктерге сәйкес тартымдылығын жоғалтқан сыңайлы. Сондықтан өткен жылдары сынақтан өткен Қазақстан және Өзбекстан арқылы өтетін балама бағыт бұл сапардың негізгі мақсаттарының бірі болуы әбден мүмкін.

Оның үстіне, бұл бағыттағы алғашқы қадам жасалынып қойған. Бірнеше күн бұрын Қазақстан Американың Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру және елді қалпына келтіру жөніндегі ұмтылысына байланысты Қазақстан Республикасы арқылы коммерциялық жүктердің темір жол көлігімен транзитін қамтамасыз ету туралы АҚШ-пен арадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

https://kaz.365info.kz/garysh-salasyndagy-baseke-mirziyoev-baskhargan-ozbekistan-khazakhstandy-basyp-oza-ma-302377

Атауы күрделі бұл құжат арнайы жүктерді транзиттеу бағытына қазақтың Ақтау және Құрық порттарының кіретінін қарастырады. Бұл американдықтарға Ауғанстанға темір жол көлігімен, ал ол елден Каспий теңізі арқылы жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Енді тек Өзбекстанмен келісу қажет.

Осы орайда, сапар барысында американдық тарап Мирзияевпен республиканың темір жолымен Ауғанстанға арнайы жүктерді тасымалдау мүмкіндігін талқылайды деп, болжау қисынға келеді. Оның үстіне, екі ел қазір Хайратон — Мазари-Шариф темір жол тармағын табысты пайдаланып отыр.

Бұдан бөлек,

ауған және өзбек тараптары көптен бері осы бағытты Мазари-Шарифтан Гератқа дейін жалғастыру үшін қаржылай демеушілер іздестіріп жатыр.

Мүмкін, өз жүктерінің тұрақты транзитіне мұқтаж дәл осы американдықтар тікелей болмас да өздеріне тәуелді халықаралық қаржы-несие институттары арқылы бұл жобаны қаржыландырар.

Екінші мақсатәскери-техникалық қызметтестік

Өзбекстанның баспасөзде жарияланған орта мерзімдік болашақта шетелдік негізгі әріптестермен сыртқы саяси және сыртқы экономикалық әріптестігінің

басымды бағыттарында  АҚШ-пен арадағы сыртқы сауда-саттыққа ерекше көңіл бөлінген.

Мәселен, аталмыш құжатта

АҚШ-пен көпжақты әрі өзара тиімді эрекеттесуді дамыту Өзбекстанның сыртқы саясаттағы басымды бағыттарының бірі екені атап көрсетілген,

сондай-ақ әскери-техникалық саладағы, әскери білім беру мен кадрларды дайындаудағы әріптестікті жалғастыру жоспарланған.

Атап айтарлығы, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табуда. 2015 жылғы тамызда Өзбекстанның қорғаныс министрлігіне арналған 328 единиц бронеавтомобильдерді жеткізуді аяқтады.  для Министерства обороны Узбекистана.

Олардың арасындағы 308 бронемашина MRAPs минаға қарсы күшейтілген қорғаныс жүйесімен жабдықталған.  Бұдан бөлек,

АҚШ пен Пентагонның әскери базаларында пайдаланылған 20 жөндеу-көшіру машиналары жеткізілді.

Ұзақ жылдар бойы қаржы және заманауи техникадан зәру көріп келген Өзбекстан армиясы бүгін есесін қайтарып жатыр. Тек соңғы уақытта ғана Қазкақстаннан  түнде кңөру приборлары сатып алынса, Ресейден Ми-35 шабуылдаушы тікұшақтары жеткізілген.

Американдықтар да өзбектерге заманауи қару-жарақ пен әскери техника жеткізуге дайын.

АҚШ ұшқышсыз ұшатын ұшақтарды, байланыс құралдарын және тағы басқа жабдықтарды, тіпті, тегін немесе жарты бағасына бермек.

Сондықтан да болар, сапар барысында АҚШ-тың қорғаныс министрлігіне Өзбекстанның әскери ведомствосының басшысы ғана емес, Мирзияевтың өзі бармақ. Ал бұл онда болатын келіссөздердің қаншалықты маңызды екенінін көрсетеді.

https://kaz.365info.kz/karimovtyn-musorysyndar-mirziyaev-ne-byldirip-zhatyr-video-305346

Үшінші мақсат — бизнес

Өзбекстанмен арадағы қазіргі қарым-қатынаста американдықтар үшін экономика соншалықты маңызды емес. Қарапайым мысал:

2017 жылдың қорытындысы бойынша екі еле арасындағы өзара тауар айналымы 210,2 млн долларды құраған.

Ал Литвамен қарым-қатынаста ол 2017 жылы 260 млн долларға жеткен.

Өзбек экспортының құрылымында негізгі үлес қызмет көрсетуге тиесілі — 71,4%, механиқұрал-жабдық — 15,7%, кептірілген бұрыш — 3,3% және жеміс-жидек өнімдері — 3,1%.

Сапар барысында тараптар «Өзбекмұнайгаз» құрылымында еңбек ететін қызметкерлердің GE Oil & Gas компаниясының мұнай-газ университетінде тегін білім алуы туралы келісімге қол қойды.

Төртінші мақсат — инновация және білім алу

Мирзияевтың БҰҰ Бас ассамблеясына жасаған сапарынан кейін, соңғы 13 бойы АҚШ-тың Эксимбанкісімен арадағы үзілген байланыс жандана бастады. Тараптар екі жақты жобаларды келешекте банкпен бірлесе отырып қаржыландыру мәселесін қарастыру туралы келісімге келді.

Атап айтарлығы, Өзбекстанның Boeing ұшақтарын сатып алу мәселесі екі жақты әріптестіктің маңызды бағыты болып қала бермек.

2020 жылдың соңына дейін «Узбекистон хаво йуллари» қолда бар 2 заманауи Boeing 787-8 Dreamliner ұшақтарына қосымша тағы осындай 4 ұшақ стаып алмақ. Атап айтарлығы, олардың біреуі мамыр айының оңына дейін жеткізілмек.

Бұдан бөлек,

Өзбекстан АҚШ-қа халықаралық мәселелермен айналысатын заңгерлерді дайындауды, сондай-ақ инновациялық дамуды сеніп, тапсырмақ.

Мәселен, республиканың әділет министрлігі Өзбекстанда заңгерлердің біліктілігін арттыратын арнайы орталық құруды жоспарлап отыр, ал осы орталықтың қызметіне АҚШ-ты белді бес заңгерлік компаниялары – White&Case, Sidley Austin, Hogan Lovells, Holwell, Shuster and Goldberg и Foley Hoag- қолдау көрсететін болады.

https://kaz.365info.kz/tyndamaj-zhatyr-eken-mirziyaevtyn-tagdyry-ne-bolmakh-302586

Өз кезегінде,

республиканың ининновациялар министрлігі инновациялық дамудың стратегиясын бірлесіп жасау бойынша Boston Consulting компаниясымен келіссөз жүргізді.

Осы жерде өзбек билігінің сапар алдында АҚШ-қа жасаған жағымды ілтипатын атап өткен жөн. 2018 жылғы 10-мамырдан бастап, Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі «Америка даусының» тілшісін ресми аккредитациялады. Сөйтіп, өзінің Вашингтонмен әріптестікке дайын екенін білдірді.

Ең бастысы, бұл әріптестік аймақтағы басқа елдерге зияны тимейтін арнада дамыса болғаны.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз