Бүгін «Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және өзгеріc әкелген әлем» тақырыбындағы XV Еуразиялық медиа форумында ЕАМФ Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева интернеттің адам өмірі мен медианы қалай өзгерткеніне тоқталды, деп хабарлайды Baq.kz .
«Интернеттің, әлеуметтік желі мен коммуникациялық сервистердің қарқынды дамуы өмірімізді бірден өзгертті. Девайстар мен гаджеттердің қолжетімді болуы 100 миллиондаған адамдардың медиа оқиғаларға қатысуына мүмкіндік берді. Желідегі авторлар, блогерлер танымал болу үшін өз кезегінде таралымын жоғалтып жатқан дәстүрлі басылым журналистерімен бәсекелеседі. Смартфоны бар кез келген адам өзі репортаж, тіпті деректі фильм жасай алатын уақытта телевидение билігін жояды», – деді Назарбаева ЕАМФ барысында.
Ол сондай-ақ, БАҚ-ты жаңғырту мен цифрландырудың оң нәтиже беріп қана қоймай, проблема туындататынын атап өтті.
«2005 жылы пайда болған You Tube видеохостингі қаншама миллион адамға өз бағдарламаларын, видеоблогтарын, сюжеттерін ұсынатын авторлардың үжымдық студиясына айналды. Сонымен бірге медианы жаңғырту мен цифрландыру проблема алып келді. Интернетке деген қолжетімділік ойын айтуға талантты адамдарға ғана емес, авантюристердің, пропагандашылардың, терроризм теоретиктері мен практиктеріне де мүмкіндік берді. «Трольдар» деп аталатын көрінбейтін ақпараттық соғыс әскері мен жалған ақпараттарды өндірушілер нағыз апатқа айналды», – деді ол.
Айта кетсек, форум өз тарихында 6000 астам шетелдік қатысушыларды Қазақстанға жинады. Олардың қатарында танымал журналистер, белгілі саясаткерлер мен экономистер, «Нобель» сыйлығының лауреаттары мен қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен кәсіпкерлер бар. Биыл форумға 1000 астам қатысушы келіп, рекордық көрсеткішке жетті.