Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Әзербайжан Республикасына барды, – деп хабарлайды Ақорданың твиттердегі парақшасында.
Бұған дейін мемлекет басшысының 2-3 сәуірде ресми сапармен Әзербайжан республикасына баратыны хабарланған-ды.
Сапар барысында мемлекетаралық байланыс жөніндегі төрт құжатқа қол қойылады деп көзделген.