Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
4
USD
460
-3.72
EUR
503
-1.94
RUB
5.18
-0.03

Назарбаев: Полиция адалдығы — басты құндылық

«Біздің қоғамдағы азаматтарымыздың құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне деген сенімі – ең басты құндылықтардың бірі болып табылады. Елдің сенімін сейілте алмау жолында біз полицейлеріміздің қызметін шебер үйлестіруіміз керек. Осы мақсатта біз жергілікті полиция қызметін құрып, қоғам тыныштығы мен азаматтар құқының қорғалуын қамтамасыз етуге көштік», — деді Елбасы.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев бұл істі жүзеге асыру үшін тек бір ғана ведомтсво жауап бермеу керкектігіне тоқталды.

«Осы істі біріздендіру Ішкі істер министрлігінің ғана құзыретіндегі шаруа деп, бір ведомствоға иек артып отыруға болмайды. Жергілікті басқару органдары мен өзге де министрліктер бұл жұмысқа атсалысқаны лазым», – деді Елбасы.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстандағы құқық қорғау органдары саласы соңғы озық технологияларды кеңінен қолданылып жатқанын атап өтті. Оның ішінде, полицейлердің ортақ біріңғай базаны пайдалануды іске қосуы да бар.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз