Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Қабыл болсын!”. Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы рухани жаңарып, жаңғыруға талпыну бәріміз үшін маңызды екенін және ол қазіргі қазақстандық қоғам алдындағы міндеттерге неғұрлым сай келетінін атап өткен.

“Біз ерте заманнан озық ғылым мен білімді дамытуға жол ашып, адамдарды өздерін жетілдіруге және үндестікте өмір сүруге бастап келе жатқан қасиетті исламның жасампаз рөлін кәдеге жарата білуіміз керек”, — деді президент.

Оның пайымынша, осы мереке күндері әрбір мұсылман жақсы істер жасауға, жақындарына қуаныш сыйлап, мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады.

“Осындай ізгі ниеттер мен игілікті істер еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтауға зор септігін тигізетін біздің ұлттық бірегейлігімізге негіз болуда. Шуақты Ораза айт мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!”, — деп түйіндеді Назарбаев.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз