Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Назарбаев: «Күлтегін жазған «Мәңгілік ел» ұғымын ұлттық идеяға айналдырдық»

Сонымен қатар отандық медицинаның дамуына айрықша үлес қосқан дәрігерлер Юрий Пя мен Серік Ақшолақовты атап өтті. Олар мерекеге орай арнайы орденмен марапатталды.

«Елімізде сәбилердің дүниеге келуі 55 пайызға өсті. Жас ұзақтығы ХХ ғасырда 35 болса, қазір 72 жас, 2050 жылға қарай 82 жас болатынына сенемін», – деді Мемлекет басшысы. Ауыл шаруашылығы дамыту басты назарда екенін, қазір Қазақстан 119 елге 2500 тауарды экспорттайтынын айтты Елбасы.

«Біз 1500 жыл бұрын Күлтегінде жазылған «Мәңгілік ел» ұғымын ұлттық идеяға айналдырдық. Астананы әлемнің мәңгілік қалаларының бірі болуына бар күшімізді саламыз. Біздің қазіргі кәсіпкерлеріміздің миллионер әкелері болған жоқ. Бүгінгі жеткен жетістіктеріне бәрі өз күшімен жетті. Мен ел дамуына үлес қосқан әрбір қазақстандыққа айрықша ықыласымды білдіремін. Еліміздің ең ұлы мерекесі, асқар асуымыз Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы белестерді бағындыруда Алға Қазақстан! Ұлы мақсаттарды орындау жолында алға халқым!», – деді Мемлекет басшысы салтанатты жиында.

khabar.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз