Елбасы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Р.Т.Ердоғанды Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.