Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Назарбаев біледі…”. Қазаққа тұрмысқа шыққан орыс қызы уәдесін орындапты (фото)

410

https://kaz.365info.kz/oldin-ba-zhelide-mektep-formasyn-sheshpesten-kyjeuge-tigen-khyz-eldin-ashuyn-keltirdi-video-317680

Бойжеткеннің бұл тілегі қабыл болып, ол бүгінде қазақ шаңырағының ибалы келіні атанып отыр. Киелі Отырар ауданына келін боп түскен орыс қызы бұл туралы Шымкентте өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының кезекті сессиясында айтты.

“Мен кең-байтақ қазақ даласын Отаным деп білетін орыс қызымын. Бүгінде берекелі қазақ отбасының түтінін түтетіп отырған инабатты келін әрі екі баланың ардақты анасымын.

 

2005 жылы бүкіл ел алдында президентке болашақта қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, қазақтың санын көбейтуге уәде бердім. Елбасының алдында сөз сөйлеп, уәде беру үлкен мәртебе әрі жауапкершілік болса, оны орындау мен үшін мерейлі міндет деп білдім.

https://kaz.365info.kz/tenselip-tyr-khajrat-nyrtas-mejrambek-bespaevty-tosynnan-tysirip-maskharasyn-shygardy-video-316546

Міне, бүгінде сол уәдемде тұрып, қазақ жігітіне тұрмысқа шықтым. Жолдасым – қазақ. Балаларым қазақ. Өзім де қазақ боп кеткенмін. Отырардағы үлгілі келіндердің санатындамын”, – деді орыс қызы.

Сөз барысында Юлия Дробязка қазақ шаңырағына келін атанудың басты ерекшелігін де атап өтті.

“Қазақтың келіні болу – керемет, ең бастысы – ағайын-туыстардың көптігі. Отбасымызбен қазақ, орыс мейрамдарын атап өтеміз. Өзара қазақ-орыс тілдерінде сөйлесеміз”, – деген келіншек облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа қазақтану бойынша арнайы бағдарлама қабылданса деген тілегін де жеткізді.

https://kaz.365info.kz/nazarbaev-aralasty-maskeudegi-khypiya-arhivke-kirgen-tarihshynyn-khany-basyna-shapty-317501

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз