Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Назарбаев айтып еді…”. “Түк көрмегендердің” кім екенін білесіз бе?

379

Түк көрмегендерге түсіндіру қиын мұны. Тыңдамайды. Түсіндіруге қорқасың да. Түк көрмеген ғой, себебі…

Байлық – басты өлшем олар үшін. Байлығы барларға барлығы рұқсат етілген біздің елде. Барлығы.

Түк көрмегендіктен арылмайынша елді тонау да тоқтамайды, белгілісі. Осы өткеніміз өткен, осы кеткеніміз кеткен.

Қытай ойшылы Лао Цзының мынадай сөзі бар.

«Адам ұрыға айналмауы үшін құнды, бағалы заттарға назар аудармауы, көңіл бөлмеуі керек. Жүрегіңізді жаулаған, жаныңызды жегідей жеген затқа қызығушылық азайғанда адаспайсыз…»,

дейді.

Түк көрмегендерге түсіндіру қиын мұны. Тыңдамайды. Түсіндіруге қорқасың да. Түк көрмеген ғой, себебі…

Орта ғасырлардың өлшемімен ойлайтындар

Бұл мақаланы жазуымызға әуелде Финляндия себеп болды. Финдер. Осы елде бірнеше жыл тұрған блогер олар туралы былай депті.

Біріншісі. Финдер байлыққа қызықпайды. Байлық олар үшін қолдың кірі. Орта ғасырлардың өлшемімен пайымдайтындардың ермегі бұл. ХХІ ғасырда алтын унитазға дәрет сындыру тек сондайлардың ғана қолынан келеді.

Екіншісі. Өз халқының есебінен күн көру, халқының есебінен отбасын жарылқау, халыққа тиесілі байлықты үрім-бұтағына үлестіріп беру – өз халқына қастық ойлаған (жаны ашығаны өз алдына) адамның қылығы. Финдер жақсы біледі мұны.

Үшіншісі. Бюджеттің, халықтың ақшасын жеу – бүгінгі және ертеңгі ұрпақты болашағынан айыру.

Төртіншісі. «Ұрының арты қуыс», – дейді финндер. Ол үнемі қорқынышта өмір сүреді. Мұндай адамда еркіндік жоқ. Еркін бола да алмайды. Себебі, арты қуыс. Бұрынғы және қазіргі былықтары ел алдында әшкере болғаннан, масқара болғаннан өлердей қорқады. Мұндай адамда ұйқы жоқ. Ұйықтай да алмайды…

 Финндердің айтуынша, үрім-бұтағыңды жақсы қызметке, жоғары лауазымға орналастыру өз тамырыңа өзің балта шапқанмен тең. Сен осы арқылы осы адам болу мүмкіндігінен айырдың. Адам белгілі бір межеге, мақсатқа маңдай тер, адал еңбегімен жетпесе, ендеше ол бұл орынға, бұл қызметке лайықты емес.

Думан БЫҚАЙ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз