Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
1
USD
427
+0.77
EUR
498
+4.39
RUB
6.02
+0.05

Нашар және қымбат білім, жұмыстың жоқтығы – саясаттанушы мамандардың елден неге кететінін түсіндірді

311

Мәжіліс депутаты Александр Милютин Қазақстаннан білікті мамандардың кетуіне алаңдаушылық білдірді. Пленарлық отырыс барысында ол “коронакризиске” қарамастан, 2020 жылы 2019 жылға қарағанда:

  • үш есе көп дәрігер
  • төрт есе көп мұғалім
  • техникалық мамандар әуелдегіден бес есе көп кеткенін айтты.

Неге кетеді?

Оның айтуынша,

жаһандық себептер – білім беру сапасының төмендігі және білім берудің қымбаттығы, ЖОО түлектері үшін жұмысқа орналасудың қиындығы, сондай-ақ жас отбасылар үшін ипотеканың қол жетімсіздігі

Қазақстан ана капиталының көлемі мен балалар білім беру мекемелерінің қолжетімділігі бойынша Ресейден едәуір артта қалып отыр. “Солтүстік көршіміз” сияқты отбасын қолдау бағдарламалары да жоқ.

Саясаттанушы Расул Жұмалы мұндай проблема көптеген дамушы елге тән екенін және талқыланып келе жатқанына бірнеше жыл болғанын атап өтті.

— “Ақылдылар” дамымаған экономикалар мен шикізаттық бағыттағы экономикалардан индустриялық дамыған елдерге көшіп кетеді. Ал бүкіл әлем “ақылды экономикаға” көшкен жағдайда жаңа рекрутингтік технологиялар пайда болады. Мамандар Қазақстанды қоса алғанда, барлық жерден шақырылады.

Білім және ғылым мәселелері

Біздің елімізде депутат атап өткен мәселелер шынымен бар. Биылғы жылы әлемнің ТОП-500 университеттеріне тек үш қазақстандық ЖОО кірді: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Гумилев атындағы ЕҰУ, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Ал жалпы оқытушылардың да, студенттердің де білім деңгейі төмен.

Оқу құны тым жоғары, сондықтан көптеген адам Ресейде, Қытай университеттерінде білім алуды жөн көреді. Көбі осы елдерде қалып жатады

Ғылымды қаржыландырудың жеткіліксіздігі маңызды рөл атқарады. ЖІӨ-нің 1%-дан кем бөлігі ғана түгел бір салаға бөлінеді. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 6-10% құрайды.

Оқу аяқталды, енді қайда жұмысқа барады?

Сондай-ақ, еңбекті ұйымдастыру мәселелері де маңызды, өйткені Қазақстанда жыл сайын түрлі салалардағы мамандар көптеп шығарылады. Өкінішке орай, біздің экономикамыз үшін бірінші орында шикізат тұр, ал ғылымды қажетсінетін технологиялар өте нашар дамыған. Тіпті егер бізде өз саласының нағыз мамандары табылса да, жүйе оларды қолдана алмайды.

Қазақстанға қызмет еткісі келетін патриоттар болуы мүмкін, бірақ олардың IT-технологиялар, инженерия және сәулет саласындағы дағдылары мен қабілеттері қажет емес

Бірнеше ірі компанияны қоспағанда, – дейді Жұмалы.

Кімнен үлгі алу керек?

Саясаттанушы Қазақстанда, ең болмағанда, ең дамыған елдердің үлгісі бойынша ғылыми инфрақұрылым құру қажеттілігін баса айтады.

— Біз АҚШ, Жапония немесе Оңтүстік Корея сияқты жоғары дамыған елдерді бағдар ретінде қабылдауға тым артта қалдық. Бұл мемлекеттер бізден 40 жыл бұрын озды.

Малайзия немесе Үндістан тәжірибесі бар. Соңғысының үлгісіне көп ешкім сенбейді, бірақ Бангалорда олар “жаңа технологиялар ауылын” құрды. Бүгінде Үндістан әлемдік IT-орталықтардың біріне айналды.

Беларусьты да алайық: оның мамандары IT саласына орныға бастады. Өщз елдерінің ішінде олар үшін ресейлік Сколковоға ұқсас жағдайлар жасалды. Алайда, Ресейде бәрі кампанияға айналды. Яғни шу көп, ал нәтиже көрінбейді.

Беларусьтағы соңғы революциялық оқиғалар мен пандемия даму қарқынын біршама төмендетті. Бізде дәл осындай инфрақұрылым бар — мысалы, Назарбаев Университетінің зертханаларында. Бірақ ел ауқымында бұл өте аз, – дейді саясаттанушы.

Коронавирустың қатысы жоқ

Оның пікірінше, коронавирус кезінде локдаундар енгізіліп, кәсіпорындар жабыла бастағанда елден мамандардың кетуіне тек себепші ғана болды. Тенденцияның өзі ұзақ мерзімді болды, ал мамандардың кетуіне алғышарттар бұрыннан пайда болды.

— Жалақыны көтеріп, әлеуметтік пакетті жақсарту керек. Ресейдің өзінде бұл мәселе жақсы жолға қойылған

Сондықтан мен өз өмірін жақсартуға және лайықты бағалануға ұмтылатындарды патриотизмі жоқ және өз елінен кетеді деп айыптамас едім, – деп қорытындылады Расул Жұмалы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз