Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-5
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Нариман Төреғалиев ветеринариялық қызметке 106 жаңа автокөлік табыстады

Аталған іс-шара Мемлекет басшысының ветеринария саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Ветеринариялық ұйымдарға жаңа автокөліктерді табыстау – ауыл шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мал ауруларының алдын алуға және ветеринариялық бақылауды күшейтуге сеп болады.

«Өңірімізде ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын ветеринариялық пункттермен, мал қорымдарымен, автокөліктермен  жабдықтау жұмыстары жүзеге асырылуда. Соңғы екі жылда халықтың өмірін қамтамасыз ететін салалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін облыстық бюджеттен 10 млрд теңгеге төтенше жағдай, орман шаруашылығы, коммуналдық шаруашылығы, ветеринария, білім мен денсаулық салаларына 700-ге жуық арнайы техникалар сатып алынған болатын. Ал биыл облыс бойынша 5 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 200-ге жуық арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр. Соның аясында жуырда «Батысирригация» мекемесіне 18 бірлік, бүгін ветеринариялық станцияларға 106 арнайы техника берілді», – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Бұл бастамалар өңірдегі ветеринариялық және аграрлық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз