Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Намысым тағы да тапталатын болды

Бұдан бұрын да туризм, табиғат қорғау секілді органдардың кездесулері 2-3 рет орысша-моңғолша өткені есімде. Оған ілеспе аударма жасап, ақысын төлеп, разы-қош болып тарасқанбыз.

Бірақ сол кезде Моңғолиядан келген қонақтар

«мемлекеттік тіл болуға қазақ тілі жарамай ма, неге бәрі орысша» деп таң қалған еді.

Сол кезде не дерімді білмей, ыңғайсыз жағдайға қалғаным бар. Намысым тапталып, ұяттан бетіммен жер басқандай болғанмын. Осы жолы да соның кебін кигелі тұрмын.

Министрліктен хабарласқан жігітке осы жайды айтып: «Жұмыс тілі тек қазақша-моңғолша ғана болсын. Егер орыс тілі қолданылса, мен тілмаштыққа (синхронный перевод) бармаймын» деп талап қойдым. Мұным ана жолғы Елбасының «үкімет пен парламенттің жұмысы тек мемлекеттік тілде өтсін» деген тапсырмасын бұлжытпай орындайын деген ниетім ғой.

«Бұл менің орыс тілін білмейтіндігімнен емес, елімізге келе жатқан делегациясының, яғни, менің бұрынғы отандастарымның алдында ұятқа қалмауым үшін керек» – деп тағы қосып қойдым.

Министрлік өкілі менің талабымды басшыларына жеткізетінін айтып қоштасты. Не болар екен?

 

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ, журналист.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз