Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Нокаутқа түсіреді”. Головкин жайлы сарапшы өз ойын айтты

“Головкин Альваресті нокаутқа түсірсе, бұл қазақстандықты бокс шыңына көтереді. Тіпті pound-for-pound рейтингінде жоғарылауы мүмкін. The Ring журналына Головкинді “Канеломен” өтетін жекпе-жектен кейін P4P рейтингінің бірінші орнына қою немесе қоймау керектігін шешуі керек болады. Бірақ меніңше, рейтингтің бірінші орнында “Канело” тұрады. Бірақ Головкин бірінші болып тұрса, бұл да мені қуантар еді”, – дейді сарапшы.

Сондай-ақ, сарапшының айтуынша, Альваресті нокаутқа түсіру Головкин үшін үлкен құрмет болады. Себебі, мексикалық боксшыны ешкім де осыған дейін нокаутқа түсіріп жеңбеген. “Головкин Альваресті нокаутқа түсіріп жеңсе, бұл бүкіл бокс әлемінде дүмпу болар еді”, – дейді Дэн Эмброуз. Сарапшының айтуынша, Головкин PPV (ақылы трансляциялар) жұлдызы атануы мүмкін. “Канело” жеңіліс тауып, Головкиннен қашатын болса, бұл Головкинді орта дивизионның королі етеді. Сонда Головкинге қоржынына соңғы титулын толтыру үшін орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен ғана кездесу керек болады”, – деді бокс сарапшысы.

Бәтес Ерболат
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз