Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-12
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

«Найман жігіттері қуатты келеді екен» — Экспоны «секспо» жасаған екі әйелдің әңгімесі

2423

Біреуі көзі күлімдеген, өңді, сымбатты екен. Көзі ойнақшып, әңгімені айтып отырған да сол. Купедегі жас бала басқа жақтан жаңа достар тапты ма, «жайырақ келемін» деп, шығып кеткен.

Біраздан соң, екі келіншек жолға ала шыққан азықтарын шығарып, мені шайға шақырды. Әңгіме Экспо, Астананың бүгінгі көркі жайында болды.

«Түй, Астананы айтып қоймадыңыз ғой, жігіт деген екі келіншектің ортасында отырғанда, басқа әңгіме айтпай ма», – деп, сұлу келіншек маған тиісті. Онымен қоймай,

«Түу, күн күйіп кетті ғой, өзен жағасында салқын жерде шешініп жатар ма еді», – деп, онсыз да қысқа халатының жоғарғы және соңғы түймесін ағытып, желпініп қойды.

Астанаға келген екі-үш күнде тірлікпен шапқылап жүріп, дұрыс ұйқы болмап еді. Маған сүйкенгісі келіп отырған сұлу келіншекке дұрыс жауап қайтара алмай, жоғарыдағы орныма шығып, жатып қалдым. Қалғып кеттіппін. Қанша уақыт өткенін білмеймін, бірақ әлгі екі келіншектің әңгімесінен оянып кеттім.

«Әлгімен сол көрмені аралап жүргенде таныстым. Жабысып қоймады. Әккі екен. Таныса салып, «кешке кеңірек танысып, бір жерде отырайық», – деп қоймады.

«Бірге келген мұғалімдер жиналып отырайық деп жатырмыз», – деп едім, «ой сол мұғалімдерді күнде көріп жүрсің, бір уақыт өзгеге де көңіл бөлген дұрыс қой», – деп, өлердегі сөзін айтып қоймаған соң, келісім бердім. Бойы ортадан биік, денелі, ақсары жігіт. Жасы елуден енді асыпты.

Білмеймін, әлгінің не сиқыры бар екенін, «кел» деген жеріне отказ бермей, кешке жетіп бардым.

«Жанымдағыларға бір туысым бар еді, солар шақырып жатыр деп алдай салдым. Отырғанымыз мықты мейрамхана.

«Қымбат болса да, сенімен осында отырайын», – деп шештім деп қояды ол. Аты Сәрсен. Семей жақтан келген екен. Әңгіме барысында білгенім, Семей жақта бір мектептің директоры екен. Бір топ адамды бастап, Экспоға келіпті.

«Сені көргенде, Экспоны ұмыттым. Мұндай сұлу, сымбатты келіншек болады екен-ау деп ойлмаппын» деп, әңгімені тұздықтап, маған көпшік қоя сөйлеп отыр.

«Екі балам бар, байым бақташы» деп едім.

«Е-е, шалың мал бағып жүре берсін. Сен деген мынадай жарқыраған Астанада, мынадай ғажайып мейрамханада жүретін хор қызысың ғой. Тупиктегі бір ауылда бала оқытып, мал сасыған жігітіңнің қойнында жатырсың», деп бір қойды.

Әйелдің сұлулығын айтып, жылы сөйлегенді кім жек көрсін. Сәрсеннің өзім жайлы айтқандары жаныма жағып барады.

«Мына вискиді сен үшін алдырдым. Бағасы зор. Қарапайым мұғалімнің бір айлығымен тең. Мұны ішпесең, болмайды», – деп көздің жауын алар әдемі шөлмекті ашты.

Ауылда вискиді кім ішіпті дейсің. Мейлі ішіп көрейін деп тартып жібердім. Дәмі коньякқа келеді екен. Екі-үш рюмкадан кейін қалбалақтап қалдым. Денем қызып, биге шақырған Сәрсеннің құшағына жалп-жалп етіп құлай беремін. Мас болып қалыппын. Мейрамханадан қалай шықтық, Сәрсенмен қонақ үйге қалай келдік, білмеймін. Әйтеуір, Сәрсен аймалап сүйіп, шешіндіріп жатқанда, қарсыласқандай болғанымды білемін.

«Күйеуімді жақсы көремін. Көзіне шөп салмап едім» деп едім, «күйеуің бар. Балаң бар. Бұдан артық не керек. Енді, сендей сұлу келіншекке тек ойнап-күлу ғана керек. Өмірдің қызығын көру керек. Сол қызықтың бірі осы төсек», – деп, төсекке алып ұрды.

Өте ұятсыз екен. Таң атқанша допша домалатты. Өзі дәрі ішіп алған ба, әлде найманның жігіттерінің бәрі сондай қуатты келе ме, шаршауды білмейді.

Төсектің рахатын армансыз бір көрдім. Бұрын байқамаппын. Ауылда күйеуіммен төсек қатынасына он-шақты күнде бір рет қана түсуші едік. Онда да балалар оянып кетер деп, кейде шала-шарпы бірдеңе жасайтынбыз.

Бұл жолы сұмдық. Секстің мұндай керемет боларын енді білдім. Астанада болған үш күнде сол Сәрсеннің жанында болдым. Өте тәжірибелі еркек екен. Байқаймын, талай келіншектің сауабын алып жүрген адамға ұқсайды. Сондай қуатты. Оның құшағында бүкіл дүниені ұмытасың. Сөйтіп, күйеуімнің көзіне бірінші рет шөп салдым. Құдай кешірсін. Басқа не деймін.

Сәрсен «хабарласап тұрайық. Алматыға, Астанаға кел» деп, қалды. Дәм бұйырса әлі кездесерміз».

https://kaz.365info.kz/magan-ajgyr-kerek-khazakh-ajelderinin-angimesi-zhaga-ystatady-267076
Бұл әлгі сұлу келіншектің айтқандары. Дауысынан танып жатырмын.

«Үш түн Сәрсеннің құшағында жатып үйреніп қалыппын. Шіркін, мына қорылдап, ұйықтап жатқан жігіттің орнында Сәрсен болса, бізді тыныш жатқызбас еді. Екеумізді кезек-кезек езер ме еді» деп, маған риза еместігін де айтып қалды.

«Сен бөтен еркектің есебінен ішіп-жеп, рахатын көрген екенсің. Мен байқұс сорлап қалдым ғой», – деп екінші келіншек әңгімесін бастады.

«Мен де сен секілді біреумен таныстым. Кешкілік кафеге шақырды. Бардым. Өйткені ауылда не көріп жатырмыз. Баланың бақырғаны, байдың ақырғаны, бала оқыту, одан қалса тамақ пісіру, кір жуу, сиыр сауу дегендей. Шақырған екен барайын, ішіп-жеп қызық көріп қайтайын деп ойлап едім.

Танысым өте жылпос, пысық екен. «Мына тамақ дәмді, мынау одан да керемет» деп, үйіп-төгіп заказ берді. Әдемі келіншек екенсің. Сендей әйелі бар, еркек бақытты ғой, деп қояды сөз арасында . Тамақты қарын тойғанша іштік. Шараптың да дәмін таттық.

«Ертең үйге барғанда, күйеуімнің бетіне қалай қараймын. Бөтен еркекпен кафеде отырмын. Шарап іштім, мұның арты не болар екен» деп ойлап қоямын іштей.

Бір уақытта әлгі танысым, «бір нәрсе жақпай қалған секілді. Мен қазір келемін деп», ішін бір қолымен басып шығып кетті. «Әжетханаға кеткен шығар. Өлгенше тамақ ішкені несі» деп мен отырмын. Біраз уақыт өтті әлгі жоқ.

«Дәретханада арқан есіп отыр ма», – деп, ренжіп қоямын. Жарты сағат өткен соң, тынышсыздана бастадым.

Офисант жас балаға

«жанымдағы адам әжетханаға кетіп еді. Көріп келші, бірдеңе болып қалған жоқ па?» – деп едім, барып келген ол:

«ол жерде ешкім жоқ» деп қарап тұр.

Мұны естіген екінші бір официант қыз бала,

«ол кісі мана осы жерден тұрған бойы, далаға шығып такси ұстап кетіп қалды ғой», – дегені.

Сонда ғана алданып қалғанымды білдім. Алаяқ екен. Мана мол қылып, заказ беріп, аш қасқырдай бәрін жайпап жегенінен -ақ қорқып едім.

«Біз ешнәрсені білмейміз. Мынау есеп-шот жиырма бес мың теңге төлеңіз», – дегенде, көзімнен жас ытқып кетті.

Күйеуім қарызданып жүріп біраз ақша жиып беріп еді. Балаларыма Астанадан бір нәрсе алам ба деп едім. Ол да бұйырмады. Жылап жүріп, кафенің ақшасын төледім.

«Қалада аферист, алаяқтар көп. Тағы да алданып қалмаңыз», – деді офисант бала.

«Көрмегенім енді кафе, мейрамхана болсын», – деп, бұрқылдап мен кеттім.

Сен қайта бақытты қатын екенсің. Қымбат ресторанға отырдың, виски іштің, құшағында жаттың біреудің. Экспоны «секспо» жасадың. Мен қарадан қарап жүріп сорлап қалдым ғой».

Бұл – екінші келіншектің әңгімесі. Олардың әңгімесін тыңдап жатып, тағы ұйықтап кетіппін.

Ертеңінде, әлгі екі келіншек пойыздан түсті. Сау бол айтыстық. Арттарынан қарап тұрып, басымды шайқадым.

Неге? Оны өзім де түсінбедім.

https://kaz.365info.kz/kyjeuim-meni-zhas-khyzga-ajyrbastajtyn-dep-zhyr-baj-khazakhtyn-ajeli-268811
Бақдәулет Мәулентегі

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз