Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Нұрсұлтан есімді Көкшетау тұрғыны Назарбаевты мақтан тұтады

Сонымен қатар, кейіпкеріміз өзінің туған жылымен қатар, азан шақырып қойған есімін де жақсылыққа балап отыр. Оның өзінің тарихи мәні бар.

«Еліміз тәуелсіздікке қол жеткенде қуанышы қойнына сыймаған Гүлшара әжем қазақ елін басқарып отырған Нұрсұлтан Назарбаевқа ұқсаған азамат болсын деген ниетпен есімімді Нұрсұлтан қойыпты» деп кейіпкеріміз сөзін одан әрі жалғастырды. – Мектеп бітірген соң Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне оқуға түстім. Онда оқып жүріп, сол оқу орнының түрлі іс-шараларына белсене қатыстым, бүгінде «Нұр Отан» партиясының -«Жас Отан» жастар қанатының мүшесімін, Көкшетау қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының қоғаммен байланыс бойынша менеджері әрі баспасөз қызметкері болып жұмыс істеймін. Менің атымды Нұрсұлтан деп қойған әжеме алғысым шексіз. Ел басқарып жүрген адамның есімін алып жүру бір жағынан мақтаныш, бір жағынан зор жауапкершілік.

Тіпті, дос-жарандарым кей кезде «О-о-о, біздің президент мырза келе жатыр» деп әзілдейтінді бар. Оған мен қуанбасам, еш ренжімеймін. Азат елдің құрдасы әрі Нұрсұлтаны болу кез келген адамның пешенесіне жазыла бермеген бақыт».

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз