Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Нұрлы жер» бағдарламасы халыққа жер беретін болды

Президенттің айтуынша, бүгінде тұрғын-үй құрылысына арналған бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың қолға алынғанына қарамастан xалықтың баспанаға деген мұқтаждығы жоғары болып тұр.

«Біз аталған проблеманы шешудің жаңа жолын ұсына аламыз. Осыған орай, Үкіметке тұрғын үй құрылысы бойынша «Нұрлы жер» атты бірыңғай бағдарламаны әзірлеуді тапсырамын. Бұған дейін «Нұрлы жол» болса, енді “Нұрлы жер” болады. Жаңа бағдарламада жеке тұрғын-үй салуға басымдық беру керек», – деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы әрбір азаматқа 10 сотық жер тиесілі екенін жеткізді. Алайда ол жерді беру  үшін инженерлік коммуникациялар болуы шарт. Ондай жерде жарық, электр энергия мен су құбырлары тартылуы қажет.

Айта кетейік, 10 сотық жер беру мәселесі Жер реформасы бойынша қоғамдық комиссияның отырыстарында көтерілген болатын. Себебі комиссияның атына түскен арыз-шағымдардың басым бөлігі жеке тұрғын үй құрылысына байланысты болды. Бүгінде аталған мәселе “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдараламасы ретінде қолға алынып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз