Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Нұрлан Ерімбетов адамдардың діни ағымдарға көптеп кетуіне журналистер қауымын кінәлады

Оның айтуынша, бүгінде біз дін мәселесіне тым көп мән береміз. Оның себебі анық, кез келген адам қоғамдағы өз орынын табуы тиіс. Ал қазіргі жағдайды бұқаралық ақпарат құралдары ушықтырып отыр, деп xабарлайды BNews.kz.

– Бүгінде бір мәселені назардан тыс қалдырып отырмыз. Ол – бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы. Мен аймақтарға жиі шығып, адамдармен жүздесіп тұрамын. Қазір қай телеарнаны қоссаң да, қай порталға кірсең де, қай газетті оқысаң да, адам өлтірді, біреуді зорлап кетті, жоғарғы қабаттан секіріп кетті, жарылыс болды, педофил және тағы басқа ақпараттарды күні-түні беріп жатады. Осының салдарынан жастардың еліміздегі өмірге деген көзқарасы басқаша қалыптасады.

Таң атқаннан бастап өлтірді, зорлады, ұрлады… Менің прокурор достарым бар. Олардың айтуынша, осыдан 20-30 жыл бұрын болған жағдаймен салыстырғанда, қазіргі қылмыстық жағдай әлдеқайда жақсарды. Ал қазіргі ақпараттық жұмыс арзан рейтингті қуу, бұның бәрін заң жүзінде қолға алу қажет деп санаймын. Мен өзім кешке қарай теледидарды қоссам, бірден көңіл-күйім түсіп кетеді, – дейді Нұрлан Ерімбетов.

«Азаматтық альянс» басшысының айтуынша, бұл жайында аймақтардағы халық та жиі мәселе көтереді.

«Көңіліміз бұзылады дейді, таңертең теледидарды қосамыз, өлді, қырылды, кешке қарай келеміз, тағы өлді, қырылды. Халық үрей-қорқынышқа бой алдырады да, артынан сан алуан діни ағымдардан қорған іздейді», – дейді Нұрлан Ерімбетов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде жастардың өмірін қалыптастыру мәселесіне баса көңіл бөлу керек. Терроризммен күрес жасақтарына миллиондап қаржы бөлгенше, жастардың уақытын ұтымды пайдалану жұмыстарына ақша шығарған жөн. Әйтпесе, бассейінге барудың өзі 1000 теңге тұрады.

Сондай-ақ Нұрлан Ерімбетов имамдар мен шіркеу қызметкерлеріне ғибадат орнында отырмай, xалықтың арасына жиі шығуға кеңес берді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз